Елордадағы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында қайырымдылық шарасы өтті

28 Ақпан 2022, 21:26
961
Бөлісу:
Елордадағы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында қайырымдылық шарасы өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері Алғыс айту күніне орай «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында қайырымдылық акциясын өткізді.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі хабарлады. 

Акцияның мақсаты халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобына көңіл бөліп, қайырымдылық акциясы аясында қамқорлық жасау.

Мерекелік іс-шара барысында мекеме тұрғындары үшін ұлттық тағамдармен мерекелік дастархант жайылып, концерттік бағдарлама ұсынылды.

Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры Асхат Алмабеков: «Мұнда 300-ден аса жалғызбасты қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандар тұрады. Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлері бар. Орталық жеті бағыт бойынша жұмыс істейді, қонақтарға қажетті медициналық қызметтер көрсетіледі. 10-нан аса түрлі ұлт өкілдері украина, орыс, беларусь, неміс, татар, ингуш, башқұрт ұлттарының өкілдері тұрады. Бізде бұл жақты «Шағын Ассамблея» деп атаймыз. Ұйымдастырушыларға үлкен алығысымызды білдіреміз. Екі жыл карантин кезінде бәрі тоқтап қалған еді. Биылғы жылы Нұр-Сұлтан қаласы ҚХА алғаш болып бізге мерекелік көңіл күй сыйлап ғана қоймай, қайырымдылық көрсетуде.

Көптеген жыл бойы біз тек осы әлеуметтік мекемеге ғана емес, басқаларға да барамыз.  Өткен жылы пандемияға байланысты біз орталыққа бара алмадық, бірақ жанымыз әрқашан осында, біргеміз. Баршаңызды Алғыс айту күнімен құттықтап, ата-аналарымызға, ата-әжелерімізге алғысымды білдіргім келеді. Әрине, мұндай мекемелердің болғаны жақсы, бірақ мен біздің керемет Қазақстанға осындай үйлердің болмауын шын жүректен тілеймін. Әркімнің өз отбасы болсын, өз ата-анасына қамқорлық жасайтын балалары болсын, немерелері мен балаларының махаббатымен қоршалған ата-әжелері болсын, - деді «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің шығармашылық ұжымының жетекшісі Ханифа Мациева.

Елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздегі қайырымдылық істерді үйлестіруші ретінде, сондай-ақ бейбітшілік пен келісімді нығайтушы ретінде маңызды рөл атқарып келеді. 

Нұр-Сұлтан қаласы этномәдени бірлестіктерінің өкілдері осындай іс-шараларға белсенді қатыса отырып, төл мәдениетін таныстырып, ортақ мақсатқа жұмылып, ұлттық құндылықтарды кеңінен насихаттауға атсалысып келеді. 

Іс-шараға қалалық Ассамблея мүшелері, мемлекеттік органдар, этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен шығармашылық топтар қатысты.

Айта кету керек, Нұр-Сұлтан ҚХА 20 ақпан айынан бастап 5 наурызға дейін қалалық этномәдени бірлестіктері тұрмысы төмен отбасыларға азық-түлік себеттерін таратуда. Қайырымлыдық акциясы жалғасын табуда. 

 

Өзгелердің жаңалығы