Коронавирус. Жарты миллионға жуық елордалық толық вакцинация алды

28 Ақпан 2022, 14:50
1332
Бөлісу:
Коронавирус. Жарты миллионға жуық елордалық толық вакцинация алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова хабарлады. Оның айтуынша, індет әлі басылмай тұр. 

Елордада коронавирус инфекциясы бойынша сырқаттанушылық көрсеткіштерінің төмендеуіне және карантиндік шаралардың жеңілдетілуіне қарамастан, коронавирус айналымының саны жалғасуда және мутацияға ұшырайды. COVID-19-дан жалғыз қорғаныс вакцинация болып қала береді. Бүгінгі таңда елордада халықты вакцинаның бірінші компонентімен қамту 71,6%-ды және екі компонентпен қамту тиісті халықтың 67,5%-ын құрады, - деп атап өтті ведомство басшысы.

Белгілі болғандай, қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша вакцинаның бірінші компонентін 509 853 азамат алған. Ал  иммундаудың толық курсынан 481 177 адам өтіпті.  

Алайда вакцинаның екінші компонентін алған 284 814 адамда вакцина алған сәттен бастап 6 ай өтті. Оларға иммунитетті көтеру мақсатында шұғыл түрде ревакцинациядан өту қажет. Қазіргі уақытта ревакцинацияға тиесілі халықтың,  тек 31,9%-ы ғана екпені қайта алған. Сонымен қатар елордада Pfizer препаратымен вакцинациялауға жататын контингенттің 16 мыңға жуығы толықтай егілді. Вакцинаның толық курсын алғандар ішінде көшбастап тұрған 12 жастан асқан балалар мен жасөспірімдер – 9876, содан кейін емізетін аналар – 5673 және жүкті әйелдер – 361 адам, - деді астананың бас санитар дәрігері. 

Өзгелердің жаңалығы