Медицинадағы жемқорлық қай өңірлерде өршіп тұр?

28 Ақпан 2022, 18:20
2810
Бөлісу:
Медицинадағы жемқорлық қай өңірлерде өршіп тұр?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында хабарлады. Оның айтуынша, медициналық жабдықтарды сатып алу – бюджет қаражатын жымқырудың көзіне айналған. 

Бұл ведомствоның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі тексерген кезде анықталған. 

Жалпы 2021 жылы 71 қылмыстық құқық бұзушылық анықталды. Жемқорлық құқық бұзушылықтың негізгі үлесі ұрлау, пара алу, қызметтік өкілеттілігін шектен тыс пайдалану деректеріне тиесілі. Сондай-ақ медициналық үстеме төлеуге бөлінген бюджет қаражаттарын мақсатсыз жұмсау, мониторингтік топтардың жұмысында құқық бұзушылықтар, жалған электрондық вакцинация құжаттарын беру деректері анықталды, - деп атап өтті ведомство басшысы. 

Сондай-ақ министр құқық бұзушылықтар қай өңірлерде кездесетініне тоқталды. 

Құқық бұзушылықтар көбінесе Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында, Түркістан, Алматы, Ақмола, Қостанай облыстарында кездеседі. Біздің салада жемқорлықты анықтауға нөлдік шыдамдылық саясаты жалғасын табуда, - деді Ажар Ғиният. 

Өзгелердің жаңалығы