Былтыр үш қалада сумен жабдықтау жақсартылған

28 Ақпан 2022, 12:28
1623
Бөлісу:
Былтыр үш қалада сумен жабдықтау жақсартылған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов хабарлады. Оның айтуынша, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету ведомствоның басым міндеттерінің бірі болып табылады. 

Министрлік топтық су құбырларын салу және қайта жаңарту жөніндегі бюджеттік бағдарламаның әкімшісі болып табылады. Былтыр Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарында 5 топтық су құбыры пайдалануға берілді. Сондай-ақ тестілік режимде Ақтөбе, Қарағанды және Қызылорда облыстарындағы жалпы ұзындығы 800 шақырымды құрайтын 3 нысан бойынша сапалы ауыз су беріледі, - деп атап өтті вице-министр.

Сондай-ақ Су кодексіне сәйкес министрлік елдімекендердің шекарасына дейін сумен жабдықтау жөніндегі қызметтерді жүзеге асыруда. 

Сонымен қатар топтық су құбырларын салу және қайта жаңарту жөніндегі бюджеттік бағдарламаның әкімшісі болып табыламыз. Осылайша, 5,8 мың халқы бар 5 елдімекен сапалы ауызсуға қол жеткізді. Жалпы саны 203 мың тұрғыны бар  51 елдімекен мен Жезқазған, Сәтбаев, Макинск сынды 3 қалада сумен жабдықтау жақсартылды, - деді ведомство басшысы. 

Өзгелердің жаңалығы