Все новости за 12 наурыз 2021
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Семейде жерүсті өткелдері салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семейге жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Даниал Ахметов жерүсті өткелдерінің құрылысына 150 миллион теңге бөлуді тапсырды, деп хабарлайды Аltaynews.kz.
-
Шымкентте әлем чемпионатын өткізуге болатын жаңа спорт кешені ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте халықаралық талаптарға сай спорт кешені пайдалануға берілді. Нысанда ірі спорттық іс-шараларды, тіпті әлем чемпионаттарын ұйымдастыру үшін барлық қажетті инфрақұрылымдар қарастырылған, деп хабарлайды otyrar.kz.
-
Түріктер Қостанайға ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу зауытын салмақшы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Konuklar Bakliyat» компаниясының түрік кәсіпкерлері Қостанай облысындағы ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу жобасына инвестиция салмақ.
-
«100 жаңа есім». Өтінім қабылдау мерзімі ұзартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының IV маусымына қатысуға өтінімдерді қабылдау мерзімі 2021 жылғы 21 наурызға дейін ұзартылды. Айта кетсек, жоба биыл Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында өтуде.
-
5 жылдан кейін Түркістан облысы ауыз сумен және газбен толық қамтылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында 2020 жылы 19 елді мекен таза сумен қамтылып, 5 елді мекеннің тозығы жеткен су құбырлары жаңартылды. Жалпы 2026 жылға қарай облыс аумағындағы елді мекендер ауыз сумен және табиғи газбен 100% қамтылмақ.
-
ІІМ біраз функциясын басқаларға таратып береді
Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ. Бүгін ішкі істер саласына арналған Сенаттағы Үкімет сағатында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ведомствоға қарасты біраз функция басқаларға берілетінін айтты.
-
Аса қауіпті трансұлттық қылмыстық топ жойылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан, Алматы, Павлодар және Семей қалаларында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, ауыр және аса ауыр қылмыстар жасауға қатысы бар ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесу бойынша ауқымды арнайы операция жүргізді.
-
Рейд. Бір түнде 53 бала полиция бөлімшесіне жеткізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысында «Түнгі қаладағы балалар» жедел алдын алу іс-шарасының бірінші күні полиция бөлімдеріне 53 кәмелетке толмаған бала жеткізілді.
-
Еліміздегі су қоймалары көктемгі су тасқынына дайын
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның су қоймалары еріген суды қабылдауға дайын. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Facebook парақшасында тікелей эфир барысында "Қазсушар" РМК Эксплуатация және су пайдалану бөлімінің басшысы Ербол Салықбаев хабарлады.
-
Елімізде мұнайды есепке алу жүйесі іске қосылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл Қазақстанның мұнай-газ саласы үшін ерекше болады. Энергетика министрлігі Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, «ҰАТ» АҚ базасында мұнай мен газ конденсатын есепке алудың ақпараттық жүйесін толыққанды режимде іске қосады.
-
Шетелдік биржада акция сатудан тапқан табыс: шығыны ескеріле ме?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті жеке тұлғалардың шетелдік биржаларда акцияларды сату кезінде құн өсіміне салық салу тәртібі туралы сұрақтарға жауап берді.
-
Алматыда халықтың еңбек құқығын қорғау мәселесі қаралды
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мақсат Қиқымовтың төрағалығымен әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссияның отырысы өтті.
-
Тоқаев жерді шетелдіктерге сатуға мүлде тыйым салатын заңды Мәжіліске жолдағанын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жерді шетелдіктерге сатуға және жалға беруге біржола тыйым салуды көздейтін заң жобасын мәжіліске жолдағанын айтты. Бұл туралы Мемлекет басшысы өзінің твиттердегі парақшасында жазды.
-
Министрлік тыйым салынған аймақтардың шекарасын анықтауды қолға алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қорғаныс ведомствосында өткен аппарат кеңесте Қарулы Күштердегі негізгі іс-шаралардың өту барысы қаралды.
-
Октябрь ауданына Әлиханның есімін беруді қарағандылықтар қолдады
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Қарағандыда Октябрь ауданына Әлихан Бөкейхан есімін беру жөніндегі қоғамдық тыңдалым өтті. Қаланың 15 нысанында өткен көпшілік тыңдалымға 685 адам қатысты.
-
Ақпанда үй бағасы аспандады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпан айында елде тұрғын үй нарығындағы баға 3.5% - ға өскен.
-
Қызылордадағы сыйбайлас жемқорлықпен күресуге генерал барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов Қызылорда облысы әкімі Гүлшара Әбдіқалықовамен кездесті.
-
«Шыңғыс хан» – Көкше сахнасында
Көкшетау, BAQ.KZ тілшісі. Көкшетаудағы қазақ драма театрында Елена Бранчикованың «Шыңғыс хан» драмасының премьерасы көкшелік көрермен назарына ұсынылды.
-
Жол құрылысына отандық ғалымдардың өнертабыстары пайдаланылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Соңғы 15 жылда Қазақстан жол ғылыми зерттеу институтының ғалымдары еліміздің автожол саласы үшін 200-ге жуық жаңа технология мен инновациялық шешім әзірлеген.
-
Жалған төлем құжатын жасағандар сотталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ҚМА ШҚО бойынша Экономикалық тергеу департаменті іс жүзінде жұмысты орындамай, қызмет көрсетпей, тауарды тиеп-жөнелтпестен шот-фактура жазып берумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты қылмыстық іс тергеуді аяқтады.
-
Пандемия кезінде халық волонтерліктің маңызын түсінді – ерікті
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Осыдан бір жыл бұрын әлемде коронавирус пандемиясы жарияланып, көптеген қалалар карантинге жабылды. Бұл жайт елімізді де айналып өтпеді. Қазақстан халқы да бұрын-соңды естіп, білмеген вирустан сақтану үшін еріксіз үйге қамалды.
-
Маңғыстаудағы мұнай қалдығын төгетін полигон аумағы 50 гектарға таяды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысында мұнай қалдықтарымен ластанған 10 полигон толықтай тазартылды. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Twitter парақшасында жазды.
-
Елде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған кәсіптер атласы әзірленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру процесіне жәрдемдесу мақсатында «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарға ұсынылатын кәсіптер мен мамандықтардың атласы» әзірленді.
-
Тоқаев бірқатар заңға қол қойды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар Заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
17 млн теңге жымқырған лауазымды тұлға сотталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. AntikorNews алаңында өткен брифингте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен аяқталған істер бойынша сот үкімдері туралы айтып берді.
-
Жыл басынан бері Call-орталыққа 5,5 мыңға жуық қоңырау түсті - Антикор
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. AntikorNews алаңында өткен брифингте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша жыл басынан бері Call-орталыққа 5,5 мыңға жуық қоңырау түскенін айтты.
-
Емтихан тапсыру үшін студенттерден ақша жинаған оқытушылар жауапқа тартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. AntikorNews алаңында өткен брифингте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров студенттерден емтихан тапсыру үшін тұрақты түрде ақша жинау фактісі бойынша 4 оқытушы тәртіптік жауапкершілікке тартылғанын айтты.
-
Антикор сыбайлас жемқорлық бойынша жиі шағымданатын аймақтарды атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. AntikorNews алаңында өткен брифингте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров қай саланың қызметкерлерінің әрекеттеріне қатысты шағымдар түсетінін атады.
-
4 жылда мемлекеттік сатып алу көлемі екі есеге ұлғайған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Превенция департаментінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг басқармасы басшысы Данияр Якупов AntikorNews алаңында өткен брифингте мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы айтты.
-
Коронавирустың қатерлі ісікке ұласуы мүмкін бе?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл сауалға «Онкология және радиология ҚазОРҒЗИ» АҚ Басқарма төрайымы, медицина ғылымдарының докторы, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының Академигі, Қазақстан онкологтар қауымдастығының төрайымы Диляра Қайдарова ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «COVID-19 қарсы вакцинация: сарапшылардың пікірлері және негізгі ұсыныстар» тақырыбында өткен онлайн брифинг кезінде жауап берді.
-
Атырау облысының тағы бір ауруханасында оттегі стансасы іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Индер аудандық ауруханасында оттегі станциясы іске қосылды. Осылайша, облыстағы оттегі станциялар саны сегізге жетті, деп хабарлады Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
-
Орталық мемлекеттік архивке - 100 жыл!
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Рухани жаңғыру», «Архив - 2025» мемлекеттік бағдарламалары негізінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Орталық мемлекеттік архиві» «Орталық мемлекеттік архивке - 100 жыл! 1-ші кезең» тақырыбында онлайн конференция өтті.
-
Ауыл мектептеріндегі білім сапасын арттыратын жоба іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Аitas KZ» АҚ «Powered by NIS ауыл мектебі» бағдарламасының бірінші кезеңін жүзеге асыруға 155 миллионнан астам теңге бөлді.
-
Атырауда үш күнде білім саласының 400-ден астам қызметкері екпе алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Соңғы үш күнде атыраулық 405 мұғалім коронавирус індетіне қарсы вакцина алды, деп хабарлады Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
-
Егер жүктілік жоспарланған болса, онда вакцинаны жүктілікке дейін салғызған дұрыс - профессор
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы профессор, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының Академигі, Қазақстан репродуктивті медицина қауымдастығының президенті, халықаралық фармацевтикалық өндірушілер қауымдастығының президенті, «Persona» халықаралық клиникалық репродуктология орталығының бас директоры Вячаслав Локшин ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «COVID-19 қарсы вакцинация: сарапшылардың пікірлері және негізгі ұсыныстар» тақырыбында өткен онлайн брифинг кезінде айтты.
-
АҚШ Президенті Джо Байденнің құттықтау жеделхаты келді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Наурыз мерекесіне орай Америка Құрама Штаттарының Президенті Джо Байденнің құттықтау жеделхаты келіп түсті, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
-
Алматыда экологиялық журналистика бойынша курс өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осы жылдың 15 наурызынан бастап 19 наурызына дейін Алматыда Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті экология саласында маманданған журналистер үшін оқыту курстарын өткізеді.
-
Онкологиялық ауруы бар науқастарға вакцина салдыруға бола ма?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Онкология және радиология ҚазОРҒЗИ» АҚ Басқарма төрайымы, медицина ғылымдарының докторы, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының Академигі, Қазақстан онкологтар қауымдастығының төрайымы Диляра Қайдарова ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «COVID-19 қарсы вакцинация: сарапшылардың пікірлері және негізгі ұсыныстар» тақырыбында өткен онлайн брифинг кезінде айтты.
-
Депутаттар адвокат қызметі туралы кейбір заң жобаларын қайта қарайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Адвокат қызметі және заң көмегі туралы кейбір заң жобалары қайта қаралады. Бұл туралы Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Қанат Мусин Facebook-тегі парақшасында жазды.
-
Алматыда қанша мұғалім мен полицияға екпе салынғаны айтылды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының Орталық қалалық клиникалық ауруханасының инфекциялық бақылауды қамтамасыз ету бойынша директордың орынбасары міндетін атқарушы Эльвира Ибрагимова мегаполистегі вакцинациялау барысы туралы айтты.
-
Диляра Қайдарова: Бір жылда 5600-ге жуық онконауқас коронавирус жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Онкология және радиология ҚазОРҒЗИ» АҚ Басқарма төрайымы, медицина ғылымдарының докторы, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының Академигі, Қазақстан онкологтар қауымдастығының төрайымы Диляра Қайдарова ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «COVID-19 қарсы вакцинация: сарапшылардың пікірлері және негізгі ұсыныстар» тақырыбында өткен онлайн брифинг кезінде айтты.
-
Анимациялық мектептің жұмысына байланысты бірқатар мәселе талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздегі ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың болашағы үшін маңызды кездесу өтті. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Кореяның Мультипликациялық фильмдерді насихаттау агенттігі "Balapan" телеарнасы жанынан ашылған анимациялық мектептің жұмысына байланысты бірқатар мәселелерді талқылады, деп жазды Facebook-тегі парақшасында арна директоры Мақпал Жұмабай.
-
Қазақстанда 59 мыңнан астам адамға вакцина салынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы медицина ғылымдарының кандидаты, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау министрлігінің ұлттық орталығы директорының орынбасары Айнагүл Қуатбаева ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «COVID-19 қарсы вакцинация: сарапшылардың пікірлері және негізгі ұсыныстар» тақырыбында өткен онлайн брифинг кезінде айтты.
-
Атыраулық полицей мұзға түсіп кеткен екі жасөспірімді құтқарды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау қаласында 11 наурыз күні сағат 20:00 шамасында Балықшы ықшам ауданынан шыққан 15 жастағы екі жасөспірім мұзға түсіп кеткен. Балалардың көмекке шақырған даусын естіген полиция капитаны Асқар Кабдуллаев дереу балаларды құтқаруға кіріскен.
-
Шетелден келген төрт жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың 11 наурызында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Мальдив Республикасы, БАЭ, Египет, Түркия, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 21 халықаралық әуе рейсі келді.
-
Өскеменде су тасқынына қарсы шаралар өткізілуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Су тасқынына қарсы шараларды өткізу барсында Өскеменнің аумағынан шамамен 129 мың текше метр қар шығарылды. Оған коммуналдық қызметтер мен мердігерлік ұйымдардың барлық техникасы тартылды.
-
Қазақстандағы КВИ дағдарысы: Өзгерістерге толы бір жыл
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұрын-coңды aдaмзaтқa беймәлім бoлып келген кoрoнaвируc инфекцияcы (COVID-19) 2019 жылдың coңындa пaйдa бoлып, қыcқa мерзімде тұтac әлемге тaрaп үлгерді.
-
Frankofonı Naýryzy 2021: Канада елшілігі Наурызды бірге тойлауға шақырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Frankofonı Naýryzy 2021» мәдени фестивалі аясында канадалық фильмдер мен мультфильмдер көрсетіледі. Бұл туралы ОКҚ-де өткен онлайн брифингте Канаданың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Николя Бруссо айтты.
-
Қазақстанда бейімделген спортты дамыту бойынша әлеуметтік акциялар өтіп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортында халықтың әлеуметтік-осал топтарынан шыққан балаларға арналған қайырымдылық жобасы басталды.
-
«Frankofonı Naýryzy 2021»: Бельгия елшілігі «Наши битвы» фильмін тамашалауға шақырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанның Бельгиядағы елшілігі де «Frankofonı Naýryzy 2021» мәдени маусымына белсенді қатысатын болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бельгияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алекси де Кромбрюхге де Пикендаль айтты.
-
Алдағы демалыс күндері Алматыда қоғамдық көлік жүрмейді
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы Мобильділік басқармасы наурыздың 13-14 күндері қалада қоғамдық көлік жүрмейтінін хабарлады.
-
Ауруханаға түсіп жатқандардың басым көпшілігі ересек азаматтар
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі Әсет Масабаев Өңірлік коммуникация қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында айтты.
-
Француз фестивалі аясында Қазақстанда 50-ден астам шара өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Frankofonı Naýryzy 2021» мәдени маусымы аясында Қазақстан мен Францияның ұлттық құрамалары футбол матчында кездесіп, француздың шеф аспазы мастер класс өткізетін болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дидье Канесс айтты.
-
Мүгедектер оңалту құралдарын алу үшін енді жыл сайын өтініш бермейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ Мүгедектігі бар адамдар aleumet.egov.kz әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектіктің барлық мерзіміне бір рет қызметтер мен оңалту құралдарын алуға өтініш береді.
-
45 жасында зейнетке шығатын полицейлер енді 60 жасқа дейін жүреді
Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Ішкі істер саласына арналған Сенаттағы Үкімет сағатында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев офицерлерді зейнетке шығару жасы ұзартылатынын хабарлады.
-
Өткен айда 1,5 мың азаматтың ипотекасы қайта қаржыландырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен айда халықтың әлеуметтік осал тобына жатқызылған және жалғыз баспанасы банктің балансында тұрған бір жарым мыңға жуық азаматтарға ипотекалық қарызын өтеуге қосымша көмек көрсетілді, деп хабарлады Қаржы нарығын зерттеу агенттігінің баспасөз қызметі.
-
Президент Асқар Маминді қабылдады
Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ. Мемлекет басшысы премьер-министр Асқар Маминді қабылдады.
-
Биыл Шығыста көктемгі егіс науқаны сәуір айының ортасында басталуы мүмкін
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Биыл шығысқазақстандық шаруалар көктемгі егіс науқанын сәуір айының екінші онкүндігінде бастап кетуі әбден мүмкін.
-
Нығматулин: Мәжіліс квазимемлекеттік сектор сатып алулары бойынша түзетулерді қарайды
Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ. Бүгін Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палата Бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.
-
Ішкі істер министрлігі біраз функциясын басқаларға таратып бермек
Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ішкі істер саласына арналған Сенаттағы Үкімет сағатында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ведомствоға қарасты біраз функциялар басқаларға берілетінін айтты.
-
Демалыс күндері күн аяз болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге, яғни 13-15 наурыз күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады.
-
Қандай пәндер бойынша жиынтық бағалау өткізілмейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында онлайн форматта өткен брифингте қалалық Білім беру басқармасы басшысының орынбасары Римма Имангазинова бөлім бойынша жиынтық бағалау және тоқсан бойынша жиынтық бағалау өткізуге тоқталды.
-
ҰБТ: Сабақтан тыс уақытта оқушыларды жеке оқыту ұйымдастырылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өтіп жатқан онлайн брифингте қалалық Білім беру басқармасы басшысының орынбасары Римма Имангазинова айтты.
-
Тұрғымбаевтың статистикасы. Елдегі қылмыстың бәрі азайған
Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ішкі істер саласына арналған Сенаттағы Үкімет сағатында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ведомствода атқарылған жұмысты айтты.
-
Мектеп қандай жағдайда карантинге жабылады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өтіп жатқан онлайн брифингте қалалық Білім беру басқармасы басшысының орынбасары Римма Имангазинова қандай жағдайда мектептер карантинге жабылатыны туралы айтып берді.
-
Аралас оқыту: Елордалық мектептердегі білім процесі қалай ұйымдастырылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өтіп жатқан онлайн брифингте қалалық Білім беру басқармасы басшысының орынбасары Римма Имангазинова баяндады.
-
Алматыда IT мамандықтары бойынша «Үздік педагог» байқауы өтті
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Алматы қаласының Инновациялық техникалық колледжінде IT мамандықтары бойынша «Үздік педагог» байқауы өтті.
-
Полиция деген жауапқа тартатын емес, халыққа көмекке келетін қызметкер болуы тиіс
Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ішкі істер саласына арналған Сенаттағы Үкімет сағатында депутат Нұрлан Бекназаров полицияның қоғамдағы рөлі туралы айтты.
-
Қарағандыда полицияның сервистік жұмыс моделінің жаңа үлгісін жасап жатырмыз – Дьёрдь Сабо
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ЕҚЫҰ-ның Нұр-Сұлтандағы Бағдарламалар офисі басшысы Дьёрдь Сабо бүгін ЕҚЫҰ-ның «Қазақстандағы қауіпсіз қоғамдастықтар» форумы аясында айтты.
-
СҚО-да «Туған жер» жобасын жүзеге асыру үшін 261 млн теңге жұмсалады
Солтүстік Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қазіргі күні бұл жоспарды орындау үшін 86 меморандум жасалды. Биылғы қаңтар-ақпан айларында 28 жоба іске асып, 73,6 миллион теңге жұмсалды.
-
Оқу жылы басталғалы елордада қанша мектеп карантинге жабылғаны айтылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өтіп жатқан онлайн брифингте қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова оқу жылы басталғалы бері қанша мектеп карантинге жабылғаны туралы айтты.
-
«Қызыл аймақ»: Елордада жыл басынан бері 7,5 мыңнан аса адам КВИ жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өтіп жатқан онлайн брифингте елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова айтты.
-
Кеше қар құрсауынан 260 адам құтқарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен тәулікте еліміздің автожолдарында ауа райының нашарлауына байланысты Қостанай, Ақмола, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарының құтқарушылары қар құрсауынан 52 бірлік техниканы шығарып, 260 адамды құтқарып, эвакуациялады.
-
Қытайдан Ресей шекарасына дейін ШҚО арқылы өтетін жолдың барлығы дерлік ақылы болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚХР шекарасынан РФ шекарасына дейін Қазақстанның шығысы арқылы өтетін М-38 жолының барлығы дерлік биыл ақылы болады, деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының өкілдері.
-
Ерлан Тұрғымбаев: Қазақстандықтардың қауіпсіздігін жоғары деңгейге көтеруге ұмтылудамыз
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ЕҚЫҰ-ның Нұр-Сұлтандағы Бағдарламалар офисі «Қазақстандағы қауіпсіз қоғамдастықтар» форумын өткізді. Форумды Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев, ЕҚЫҰ-ның Нұр-Сұлтандағы Бағдарламалар офисінің басшысы, елші Дьёрдь Сабо ашты.
-
Англиядағы Стати ісі: Әділет министрлігі мен Ұлттық банк жеңіске жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 11 наурызда Англияның Жоғарғы Соты Стати тарабының Қазақстан Республикасы мен Ұлттық банкке 3,7 млн АҚШ долларынан астам сот шығындарын төлеуге міндеттейтін сот бұйрығының күшін жоюға қатысты өтінішін қабылдамау туралы шешімін шығарды. Бұл туралы Әділет министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
«Қуыршақ театры» жас бүлдіршіндерді қуантты
Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Елордада «Қуыршақ театры» «SOS балалар ауылындағы» бүлдіршіндерге арнап қазақ халқының танымал ертегісі «Қаңбақ шал» қойылымын қойды.
-
Сағынтаев жаңа ықшам аудандардағы әлеуметтік нысандар құрылысымен танысты
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Алатау ауданындағы Шаңырақ, Рахат-Мәдениет, Шапағат және Өжет ықшамаудандарындағы инженерлік және жол-көлік инфрақұрылымының дамуымен, әлеуметтік нысандардың құрылысымен танысты.
-
Пневмониядан 2 адам көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сoronavirus2020.kz сайты 12 наурыздағы жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпаратты жариялады.
-
COVID-19: 47 пациенттің жағдайы өте ауыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 12 наурыздағы ақпаратты жариялады.
-
Еуропада AstraZeneca өнімін қолдану уақытша тоқтатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы дәрінің жанама әсерін анықтаумен айналысатын Нидерланд ғалымдары хабарлады, деп жазады 24.kz.
-
Елімізде коронавирустан 653 адам емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде өткен тәулікте 653 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
-
Өткен тәулікте елімізде 899 адамнан коронавирус анықталған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде өткен тәулікте 899 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.
-
Павлодарда көктайғақта жарақат алғандардың саны көбейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бір тәулік ішінде 80-нен астам адам зардап шеккен, олардың 20-сы политравма бөліміне түсті және операция жасауды күтуде, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
-
Шығыс Қазақстан облысында 94 елді мекенді су басуы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында су тасқыны кезеңі жақындап келеді. Осы ретте құтқарушылар қызу дайындық үстінде.
-
Түркістанда бірнеше су қоймасы салынуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан қаласын «Түркістан-Су» МКК пайдаланысындағы екі 1500м3 және 3000м3 қуатты су қоймалары арқылы ауыз сумен қамтамасыз етуде. 2020 жылы ауыз су жүргізілмеген қала аумақтарына су құбырларын жүргізу жоспары жасалды.
-
Еліміздің әуе қорғаныс күші тағы бір ұшақпен толықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Балқаш қаласындағы Қазақстан Әуе қорғанысы күштерінің оқу-авиациялық орталығына L-39 оқу-жауынгерлік ұшақтары келді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
-
Дүниежүзілік көшпенділер ойынын Түркия қабылдайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғызстанның Сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаев бүгін қырғыз-түрік қатынастарына арналған ғылыми-практикалық конференцияда IV және V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қай елдерде өтетінін айтты.
-
Көкшетауда «Ұлттық киіммен жұмысқа» атты челлендж басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Ұлттық киіммен жұмысқа» атты бастаманы Ақмола облыстық Мәдениет басқармасы қолға алды, деп хабарлайды «Хабар 24».
-
Қазақстанда -30 градусқа дейін аяз болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер 12 наурыздағы ауа райы болжамын жариялады.
-
Терроризм: Қазақстанның саясаты БҰҰ конгресінде талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Біріккен Ұлттар Ұйымының Қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі жөніндегі 14-ші Конгресі (Киото, Жапония) аясында БҰҰ Есірткі және қылмыс басқармасының (ЕҚБ) ұйымдастыруымен терроризм және экстремизмнен зардап шеккен балалардың ахуалы тақырыбындағы арнайы іс-шара өтті.
Наверх