Коронавирустың қатерлі ісікке ұласуы мүмкін бе?

12 Наурыз 2021, 17:00
2612
Бөлісу:
Коронавирустың қатерлі ісікке ұласуы мүмкін бе?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл сауалға «Онкология және радиология ҚазОРҒЗИ» АҚ Басқарма төрайымы, медицина ғылымдарының докторы, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының Академигі, Қазақстан онкологтар қауымдастығының төрайымы Диляра Қайдарова ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «COVID-19 қарсы вакцинация: сарапшылардың пікірлері және негізгі ұсыныстар» тақырыбында өткен онлайн брифинг кезінде жауап берді.

Қазіргі таңда коронавирустың қатерлі ісік ауруының пайда болуына әсері туралы көптеген зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Бірақ, ең алдымен, коронавирус инфекциясы басталғалы аса көп уақыт өте қойған жоқ, тиісінше, мұндай мәлімет те тіркелмеді. Бір ғана мәселе бар, ол коронавирустан кейін өкпе фиброзы пайда болады, ал, ол өкпе қатерлі ісігін тудыратын себептердің бірі саналады. Сондықтан әзірге тек осындай зерттеулер бар, - деді Қайдарова 

Сондай-ақ, ол КВИ-мен ауыратын науқаста онкологиялық ауру табылған жағдайлардың тіркелгені жайында айтты. 

Өкпені КТ арқылы тексеру кезінде біз ковид аясында науқастан қатерлі ісік ауруын анықтадық. Әзірге коронавирус пен қатерлі ісік ауруының арасында ешқандай байланыс жоқ, - деп толықтырды ол. 

Айта кетейік, Диляра Қайдарова бұған дейін былтыр наурыз айынан бүгінге дейін 5600-ге жуық онконауқас коронавирус жұқтырғанын, оның ішінде 45 науқас дәл осы коронавирустан қаза болғанын және онкологиялық ауру бар науқастарға коронавирусқа қарсы вакцина салдыру мүмкіндігі жайында айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы