Шетелден келген төрт жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды

12 Наурыз 2021, 14:36
1622
Бөлісу:
Шетелден келген төрт жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың 11 наурызында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Мальдив Республикасы, БАЭ, Египет, Түркия, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 21 халықаралық әуе рейсі келді.

2 965 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 2 334 адам, анықтамасыз 631 ҚР азаматтары келді.

Оның ішінде:

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 10 рейс, 1 320 жолаушы, анықтамамен - 1 081; анықтамасыз - 239;
Алматы қаласының әуежайына – 8 рейс, 1 320 жолаушы, анықтамамен - 1 023, анықтамасыз - 297;
Орал қаласының әуежайына – 2 рейс, 199 жолаушы, анықтамамен - 104; анықтамасыз - 95;
Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 126 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

2021 жылдың 10 наурызында шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері туралы мәлімет бойынша анықтамасыз келген 374 ҚР азаматтарының ПТР-талдауларының нәтижелері бойынша төрт жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды. Олардың ішінде үш жолаушы Шарм-эль-Шейх – Ақтөбе рейсімен, бір жолаушы Анталия – Алматы рейсімен келген, - деп хабарлады Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті.



Өзгелердің жаңалығы