Жалған төлем құжатын жасағандар сотталды

12 Наурыз 2021, 19:04
1642
Бөлісу:
Жалған төлем құжатын жасағандар сотталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ҚМА ШҚО бойынша Экономикалық тергеу департаменті іс жүзінде жұмысты орындамай, қызмет көрсетпей, тауарды тиеп-жөнелтпестен шот-фактура жазып берумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады.

Тергеу жұмыcтарын жүргізу барысында Өскемен қаласы тұрғынының 2017-2019 жылдар аралығында бірнеше жалған кәсіпорынды өзінің таныстарына тіркей отырып, жалған бухгалтерлік құжат жазып берумен айналысқаны анықталды. Бұл кәсіпорындардың кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін автокөлік, үй-жай, өндірістік техникалық базасы, қызметкерлер штаты болмаған.

Сондай-ақ жалған фирмалардың басшыларының ешқайсысы қаржы шаруашылық мәселелерімен айналыспаған, бухгалтерлік есеп жүргізбеген, салық есептерін тапсырмаған.

Шындығында фирмалар қылмыстық іс әрекеттерді жүзеге асыру үшін қолданылған, контрагенттерге салықтан жалтару үшін жалған есеп шоттарды жазып берумен айналысқан.

Ұйымдасқан қылмыстық топ осы жылдар аралығында сатып алушы контрагент кәсіпорындардан төленбеген салық түрінде мемлекетке 1,5 млрд теңге сомасында шығын келтірген.

Өскемен қаласы №2 сотының үкімімен ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері ҚР ҚК 262-бабы 1-б. және 216-бабының, 3-б. бойынша кінәлі деп танылып, 5 жылдан 7 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылды.

Өзгелердің жаңалығы