17 млн теңге жымқырған лауазымды тұлға сотталды

12 Наурыз 2021, 18:03
1821
Бөлісу:
17 млн теңге жымқырған лауазымды тұлға сотталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. AntikorNews алаңында өткен брифингте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен аяқталған істер бойынша сот үкімдері туралы айтып берді.

Тергеушінің мәліметінше, 2020 жылы 149-дан астам адам сотталды, 33 адам пара алғаны үшін, 73 адам пара бергені үшін, 21 адам алаяқтық үшін, 11 адам ұрлық үшін, 8 адам лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін сотталды.

Бас бостандығынан айыруға – 42 адам, бас бостандығын шектеуге – 12 адам, еселік айыппұлдарға – 90 адам, қалғандары шартты мерзімге не мерзімін кейінге қалдыра отырып сотталды. Қосымша жазалау шаралары 176 адамға қатысты қолданылды. Оның ішінде 145 адам белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырылды, 29 адам арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айырылды, 2 адам мүлкі тәркіленіп сотталды, - деп хабарлады ол. 

Бекайдаров брифинг кезінде осы аптада шыққан үкімдерге тоқталды. 

Осы жылы 5 наурызда жылы Целиноград аудандық сотының үкімімен Целиноград ауданы әкімдігінің ШЖҚ «Қосшы-Қуат» МКК директоры К.Р.Тіленшин 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Ол жалпы сомасы 16 974 295 теңгені құрайтын мердігерлік ұйымдармен техниканы жалдау жалған шарттары мен еңбек келісімдерін жасау жолымен бюджеттік ақша қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді, - деді тергеуші.

Өзгелердің жаңалығы