Шығыс Қазақстан облысында 94 елді мекенді су басуы мүмкін

12 Наурыз 2021, 07:24
1438
Бөлісу:
Шығыс Қазақстан облысында 94 елді мекенді су басуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында су тасқыны кезеңі жақындап келеді. Осы ретте құтқарушылар қызу дайындық үстінде, деп хабарлайды ШҚО ТЖД баспасөз қызметі. 

Бүгінгі таңда өңірде жердің тоңы бір жарым метрге жуықтайды. Жазық жерлердегі қар жамылғысының биіктігі 90 см, таулы аймақтарда 1,5 метрден 2 метрге дейін жетеді. 53 бекетте су объектілеріне гидрометеорологиялық мониторинг жасалуда. Қазіргі уақытта жағдай тұрақты. Мұз қалыңдығы – 94 см, – делінген ШҚО ТЖД баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Өңір бойынша 94 елді мекенді су басу қаупі бар. Ондағы 7191 тұрғын үйде 22 613 адам тұрады. Әсіресе Өскемен қаласы, Алтай, Катонқарағай, Тарбағатай, Глубокое, Шемонаиха, Көкпекті және Бородулиха аудандарында тасқын қаупі жоғары. 

Барлық қызметтердің жұмысын күшейту мақсатында аймақ бойынша жоғары дайындық режимі енгізілді. Су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспары бекітіліп, іске асырылуда. Арнайы құрылған жұмыс топтары жергілікті атқарушы органдардың тасқынға дайындығын тексерді. Барлық қауіпті учаскелер бақылауда, – делінген хабарламада. 
Айта кетейік, көктемгі су тасқыны кезеңінде Шығыс Қазақстанда 3 мыңнан астам адам, 2412 бірлік техника, 370 мотопомпа және 108 эвакуациялық пункт әзірленген. Қалалар мен аудандардың әкімдіктері 97 мың дана ыдыс-қап, 15 мың тонна инертті материал, 419 тонна жанар-жағар май дайындады.


Өзгелердің жаңалығы