Англиядағы Стати ісі: Әділет министрлігі мен Ұлттық банк жеңіске жетті

12 Наурыз 2021, 09:46
1325
Бөлісу:
Англиядағы Стати ісі: Әділет министрлігі мен Ұлттық банк жеңіске жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 11 наурызда Англияның Жоғарғы соты Стати тарабының Қазақстан Республикасы мен Ұлттық банкке 3,7 млн АҚШ долларынан астам сот шығындарын төлеуге міндеттейтін сот бұйрығының күшін жоюға қатысты өтінішін қабылдамау туралы шешімін шығарды. Бұл туралы Әділет министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Англия мен Уэльстің Жоғарғы сотының шығыстар жөніндегі басқармасының шығыстар бойынша судьясы Роулимен Статидің өтініші 2021 жылдың 15 ақпанында сот отырысында тыңдалды.

Шығыстар туралы қаулы Стати барлық сатыларда сәтсіздікке ұшыраған және Статидің Қазақстанға қарсы алынған төрелік шешімді орындауға қатысты жалғасып жатқан әрекеттерімен байланысты Англияның Жоғарғы сотындағы талқылауларды аяқтайды.

Стати тараптары Жоғарғы соттың юрисдикциясына қарсы шығуға тырысты, бірақ бұл талпынысында сәтсіз болды және бұл 2018 жылдың 4 желтоқсанында қабылданған қаулыға әкелді. Стати Жоғары Сот талқылауында да сәтсіздікке ұшырады және талапкерлердің (Қазақстан мен Ұлттық банк) шығыстарын төлеуге міндетті болды, - делінген шығарылған шешімде.

Ағылшын талқылауларында жеңілгеннен кейін Стати шығындарды төлеуге міндетті болды, бірақ қаулыны орындаған жоқ. Сондай-ақ, Стати Қазақстанмен және Ұлттық банкпен байланысқа шықпағандықтан, Республика және Ұлттық Банк өз шығыстарын түбегейлі бағалаудың процесін бастағаны туралы олардың заңгерлері King & Spalding-ке 2020 жылғы желтоқсанда хабарлады. Алайда, Стати оған да жауап бермеді. Нәтижесінде жауап беруге берілетін 21 күн өткеннен кейін, 2021 жылғы 6 қаңтарда шығыстарды өтеу туралы бұйрық шығарылды. Енді олар шығындарды өтеу туралы сот бұйрығының күшін жоюға талпынысында да сәтсіздікке ұшырады.

King & Spalding партнері Эгише Джазоян өзінің куәгерлік жауабында шығыстар бойынша заңгерлерге нұсқау беру үшін екі апта және толық файлды беру үшін тағы екі апта қажет болғанын сипаттайды.

Менің фирмамның барлық электрондық деректер жиынтығының/файлдың көшірмесін қажетті .pst форматта беруді ұйымдастыруға екі аптаға жуық уақыты кетті ( ... ), ол [шығыстар бойынша заңгерлерге] 2021 жылдың 4 ақпанында берілді. Кішігірім кідірістің себебі менің фирмамдағы деректердің құпиялылығын қорғау саясаты мен процедураларына байланысты осы түрдегі деректерді жинау және бөлісу туралы менің фирмамдағы Жазбалар мен ақпаратты басқару жөніндегі Директордан белгілі бір ішкі келісімді алу қажеттілігімен байланысты болды, - дейді куәгер.

Өз шешімінде судья Роули куәгерлік жауаптың осы бөлігін қайталап, "бұл сенімді сияқты емес" деп тапты. 

Outlook-те электрондық пошталарға арналған әдеттегі форматта деректер файлын жасау үшін тағы екі апта қажет болғандығы таңқалдырады. Мұны "кішкене кідіріс" деп сипаттау эвфемизм болып табылады, ал кідірістің себебі - ішкі басқару проблемасы бір уақытта таңқаларлық және сенімсіз. Бұндай шығындарға қатысты сырттай шешім қабылданған жағдай әрдайым мүмкін болғандықтан, [King & Spalding]-ке қатысты кейбір сын-ескертпелер қолданылуы мүмкін, себебі кез-келген қажетті ішкі келісімді алуға басымдық беріледі деп ойлауға болады.” Әрі қарай ол: "Менің ойымша, Стати жеткілікті жылдамдықпен әрекет етпеді.., - деп тапты судья. 

Заңды тестті қолдану судья Роулиді "даулы мәселелерді шешу мерзімін сақтамау ережелерді елеулі бұзу болып табылатынына күмән жоқ..."  және "мұндай бұзушылыққа қисынды түсінік жоқ” деген қорытындыларға әкелді.

Қазақстанның Әділет министрі Марат Бекетаев бұл шешімді құптап, пікірін айтты.

Біз ағылшын соты шығарған сот шығындарын өтеумен байланысты шешімдерінің орындалуын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдап, басқа юрисдикцияларда Статидің төрелік шешімді мәжбүрлеп орындау процестеріне қарсы тұруды жалғастырамыз. Жетекші сарапшылар фактілерді талдап, төрелік шешім алаяқтық жолмен алынды, ал Статидің оны орындауға қатысты шаралары заңсыз және этикалық емес деген қорытындыға келді, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы