Қандай пәндер бойынша жиынтық бағалау өткізілмейді

12 Наурыз 2021, 11:24
4480
Бөлісу:
Қандай пәндер бойынша жиынтық бағалау өткізілмейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында онлайн форматта өткен брифингте қалалық Білім беру басқармасы басшысының орынбасары Римма Имангазинова бөлім бойынша жиынтық бағалау және тоқсан бойынша жиынтық бағалау өткізуге тоқталды.

2-11 сыныптарда бөлім үшін бір жиынтық жұмыс, бөлім бойынша жиынтық бағалау, пәндер бойынша тоқсан үшін, тоқсан бойынша жиынтық бағалау бірінші жиынтық жұмыс жүргізіледі. Ал 1-сыныптарда бағалау жүргізілмейді, - деді ол.

Бөлім бойынша жиынтық бағалау 2-11 сыныптарда 1-12 наурыз аралығында, тоқсан бойынша жиынтық бағалау 2-11 сыныптарда 15 наурыздан бастап өткізу ұсынылады. 

Бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізу мерзімін педагог дербес айқындайды. Сондай-ақ, қажет болған жағдайда, екі кезеңде де өткізуі мүмкін.

Өзін-өзі тану, көркем еңбек, музыка, дене шынықтыру, кәсіпкерлік және бизнес негіздері, графика және жобалау, қоғам және дін, алғашқы әскери және технологиялық дайындық оқу пәндері бойынша жиынтық бағалау өткізілмейді. Жартыжылдық және оқу жылының соңында «сынақ» немесе «сынақтан өтпейді» деп қойылады, - деп түсіндірді Римма Имангазинова.

Еске сала кетейік, наурыздың 1-нен бастап Қазақстандағы мектептердің 1-5 сынып оқушылары мен халықаралық мектептердің 1-7 сынып оқушылары аралас форматта білім алып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы