Қазақстанда бейімделген спортты дамыту бойынша әлеуметтік акциялар өтіп жатыр

12 Наурыз 2021, 13:46
2405
Бөлісу:
Қазақстанда бейімделген спортты дамыту бойынша әлеуметтік акциялар өтіп жатыр
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортында халықтың әлеуметтік-осал топтарынан шыққан балаларға арналған қайырымдылық жобасы басталды. 

Аталған іс-шара Фристайлдан әлем чемпионаты аясында могул және шаңғы акробатикасы және Фристайлдан әлем кубогының ақтық кезеңі аясында параллельді могул және шаңғы акробатикасы түрлері бойынша өтті.

Шара барысында қонақтарға «Шымбұлақ» ТК біліктілігі жоғары нұсқаушылары шеберлік-сыныбын өткізді. Нұсқаушылар балалармен тегін ашық жаттығулар жасады. 

спорт2.jpeg

Айта кетейік, қайырымдылық жобаға 30 астам бала қатысты. 

Бүгін аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан балалар «Шымбұлаққа» келді. Көбінің мұнда келуге мүмкіндігі жоқ, олардың арасында бұған дейін шаңғы теуіп көрмеген балалар бар және олар үшін бәрі жаңа дүние болып көрінді. Екі баланың анасы ретінде мен осындай ерекше жобаның бар екеніне өте қуаныштымын. Мен барлық ұйымдастырушыларға балаларға тау шаңғысымен сырғанауды үйренуге мүмкіндік бергені үшін, берілген жабдық үшін алғысымды білдіремін, - деп шеберлік сабағына қатысушылардың бірінің анасы Ирина Маслова алғысын білдірді. 
спорт3.jpeg

Бұл қайырымдылық шарасы Әлем чемпионатының және ӘКК әлеуметтік серіктесі - «Samruk-KazynaTrust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры бастамашылық танытқан әлеуметтік акциялар тізбесінің бастамасы болды. Бұл бастамаға ҚР Ұлттық шаңғы қауымдастығы және «Шымбұлақ» ТК қолдау көрсетті. 

спорт4.jpeg

Біз қордың қолдауымен бірнеше әлеуметтік жобаларды өткізуді жоспарлап отырмыз. Сонымен бірге Медеу-Шымбұлақ гондол жолымен тегін жүру және халықтың әлеуметтік-осал топтарына жататын адамдар үшін тегін топтық нұсқамалар ұйымдастырылады. Сондай-ақ, ерекше балалар үшін біз тау шаңғылары мен сноубордтарда бейімделген сырғанауды ұйымдастырамыз, - деп ҚР Ұлттық шаңғы қауымдастығының бас хатшысы Аскар Валиев жоспарларымен бөлісті. 
спорт5.jpeg

Аскар Валиев Алматы қаласының коммерциялық емес ұйымдарын, соның ішінде ерекше балалармен жұмыс істейтін ұйымдарды өздерімен серіктестік құруға шақырды. 

Осындай жобалар Қазақстандағы бейімделген спортты дамытуға жаңа із салмақ. Біздің қор біршама уақыттан бері бейімделген дене шынықтару саласында жұмыс істеп келеді. Серіктестермен бірлесе отырып, білім беру саласында БДШ бойынша әдістемелік құралдары әзірлеу және енгізуді қолға алдық,  Қазақстанның барлық жерінде ерекше балалар үшін секциялар аштық. Сондықтан мүмкіндікті пайдалана отырып, Әлем чемпионаты аясында жаттығулар өткізуге бастамашылық таныттық, бұл бейімделген спортты одан әрі дамытуға ықпал етеді деп сенеміз, - деді «Samruk-KazynaTrust» қорының ресми өкілі - Корпоративті қызметтің басшысы Мирас Іргебаев.

спорт6.jpeg

Ерекше балалар мен халықтың әлеуметтік-осал топтарынан шыққан балалардың өміріне қуаныш сыйлау үшін бірқатар жобаларды іске асыратын КЕҰ акцияларға қатысу үшін «Шымбұлақ» ТК хат жазуы керек, онда гондол жолында тегін жүргісі келетіндер тізімі немесе шеберлік-сыныптарына қатысатын балалардың тізімі беріледі. 

Осы өткізілетін іс-шаралардың мақсаты – балалар мен ересектерді шаңғы спорт түрлеріне баулу, сонымен қатар ерекше балалар арасында бейімделген дене шынықтыруды дамытуға қоғам назарын аударту. 

спорт8.jpeg

Айта кету керек, аталған іс-шара ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Мейірімді істер марафоны» жалпыұлттық жобасы аясында өткізіледі.



Өзгелердің жаңалығы