«Қуыршақ театры» жас бүлдіршіндерді қуантты

12 Наурыз 2021, 09:38
4421
Бөлісу:
«Қуыршақ театры» жас бүлдіршіндерді қуантты
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Елордада «Қуыршақ театры» «SOS балалар ауылындағы» бүлдіршіндерге арнап  қазақ халқының танымал ертегісі «Қаңбақ шал» қойылымын қойды.

Бұл Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігіне қарасты «Астана жастары» мекемесінің Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «30 игі іс» атты акциясы аясында ұйымдастырылды. 

«Қуыршақ театры» жас бүлдіршіндерді қуантты

Аталмыш қойылымға 8 бен 18 жас аралығында жеткіншіктер мен жасөспірімдер қатысты. Мақсаты балалардың коммуникативті қарым-қатынасын арттыру және эмоционалды, мәдени өсуіне ықпал ету. 

«Қуыршақ театры» жас бүлдіршіндерді қуантты

Залға карантинге байланысты 20 ғана қонақ келді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл қойылым оқушылардың санасына ұлттық ертегіні сіңіру.

«Қуыршақ театры» жас бүлдіршіндерді қуантты

Бұл қайырымды істер марафоны аясында ұйымдастырылып отыр. Басты мақсатымыз балалар мен жасөспірімдер арасында қуыршақ театрының танымалдылығын, аудиториясын арттыру. Қаламызда енді дамып келе жатқан театрға қолдау көрсету арқылы балаларға да қуаныш сыйлау. Бұл театрға деген қызғушылықтарын арттырып, көзқарастарын өзгерту. Балаларды кішкентай кезінен рухани құндылыққа баулу, – дейді «Астана жастары» жастар ресурстар орталығының ұйымдастыру бөлімінің басшысы  Арайлым Сапарәлі. 
«Қуыршақ театры» жас бүлдіршіндерді қуантты

«Қуыршақ театры» жас бүлдіршіндерді қуантты

«Қуыршақ театры» жас бүлдіршіндерді қуантты

Осы мекеменің басшысы неліктен «Қаңбақ шал» ертегісінің таңдалғаны туралы айтты.

«Қуыршақ театры» жас бүлдіршіндерді қуантты

«Қаңбақ шал» ертегісі өсіп келе жатқан жас ұрпаққа аса қажет. Жас бүлдіршіндерге қазақ ертегісін, салт-дәстүрлерін осы ертегі арқылы көрсетпекпіз. Балалар тек театрдың өзін ғана біліп қоймай, қуыршақ театрының бар екенін білсе дейміз. Меніңше балалар үшін пайдалы. Себебі «Қаңбақ шал» жақсылық пен жамандықты ажыратып көрсетететін қазақ ертегілердің бірі, - деді оқу бөлімінің жетекші педагогы Баян Баймұқанова.
«Қуыршақ театры» жас бүлдіршіндерді қуантты

«Қуыршақ театры» жас бүлдіршіндерді қуантты

Қойылым соңында көрермен болған мектеп оқушылары өз әсерлерімен бөлісті. Солардың бірі Аделина Қуыршақ театрының қойылымы өте ұнағанын айтты.

«Қуыршақ театры» жас бүлдіршіндерді қуантты

Өте қызықты болды. Екі әжей бір-бірімен ұрысқан кезі әсіресе. Ең есте қалғаны Қаңбақ шалдың өз бәсекелестерін алдауы. Күлкілі әрі әсерге толы. Бұл қойылым мені жақсылыққа үйретті. Ешкімді алдауға болмайтынын көрсетті, - деді мектеп оқушысы Аделина
Олжас Адай
Өзгелердің жаңалығы