«Қызыл аймақ»: Елордада жыл басынан бері 7,5 мыңнан аса адам КВИ жұқтырған

12 Наурыз 2021, 10:20
1485
Бөлісу:
«Қызыл аймақ»: Елордада жыл басынан бері 7,5 мыңнан аса адам КВИ жұқтырған

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өтіп жатқан онлайн брифингте елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова айтты.

Соңғы аптада ауырғандардың санының өсуіне байланысты Нұр-Сұлтан қаласында COVID-19 инфекциясы тұрақсыз деп бағаланады. Тіркелгендер саны тәулігіне 70-тен 143 жағдайға дейін жетіп отыр. Соңғы аптада ауру жұқтыру деңгейі алдыңғы аптамен салыстырғанда 9,9%-ға жоғары. 10 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш 59,2, репродиктивтік саны 1,055-ті құрады, - деді ол.  

Еске сала кетейік, 10 наурыздан бастап қала эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы бойынша «қызыл аймаққа» кірді.

Брифинг кезінде коронавирус инфекциясын тіркеуді жалғасуының негізгі себептері айтылды. 

Тұрғындардың карантин іс-шараларын сақтамауы, адамдардың көп жиналатын орындарына бару, маска тақпау, ауырғандар не олармен жақын байланыста болған адамдардың да үй карантин режимін сақтамауы негізгі себеп болып отыр, - деп түсіндірді Сархат Бейсенова.  

Өткен тәулікте инфекцияның 112 жағдайы тіркелді. 110 ошақ анықталды. Оның ішінде 68 үй, 42-сі ұйымдастырылған жер. 

Жыл басынан бері елордада коронавирус инфекциясымен 7 603 адам ауырды. Оның ішінде қаңтарда 3 763, ақпанда 2 811 және наурызда 1 029.

 

Өзгелердің жаңалығы