Ақпанда үй бағасы аспандады

12 Наурыз 2021, 20:05
3499
Бөлісу:
Ақпанда үй бағасы аспандады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпан айында елде тұрғын үй нарығындағы баға 3.5% - ға өскен.

Еліміздің 17 қаласында баспана бағасы қалай өзгерген. Ең көп өсім біржолғы зейнетақы төлемдерінің мөлшері бойынша көш басында тұрған өңірлердің үш облыс орталығында байқалады. 

Ақтаудағы үйдің орташа құны 1 шаршы метр үшін 13.1% - ға өсті. Сатушылар шаршы метрді 216 975 теңгеге бағалайды. Мұндай баға соңғы үш жылда болмаған. Бұл деңгей соңғы рет 2018 жылдың қаңтарында болған екен.
Екінші орында — Орал (+7.8%). Шаршы метр құны 246 550 теңгені құрайды. 

Ақпанда үй бағасы аспандады

Сондай-ақ, динамикасы жоғары және құны бойынша рекорд жасаған қалалардың үштігіне Атырау (+4.8%) кірді. Ақпан айында мұндағы пәтер бағасының шаршы бірлігі үшін 296 700 теңге сұраған. 

Өскемен мен Ақтөбеде ұсыныс бағасы 4.3% — ға, Қызылордада-4% - ға өсті. Көрсеткіштер тиісінше 309 350, 186 400 және 162 925 тг/ш.м. 

  • Семейде пәтер бағасы  3.3 %-ға өсіп шаршы метр үшін 244 925 теңгені құраған
  • Петропавлда  2.9 %-ға өсіп бір шаршы метрі 244 925 теңге болған
  • Талдықорганда  —  2.7 %-ға өсіп пәтердің бір шаршы метрі үшін 266 800 теңге болған
  • Қостанайда  2.5 %-ға қымбаттап шаршы метр үшін 260 175 теңге болған

Алматыда ұсыныс бағасы бір айда 2.4% - ға өсті. Қазір пәтер құнының орташа көрсеткіші бір шаршы үшін 479 425 теңгені құрайды, бұл соңғы 5 жылдағы ең жоғары көрсеткіш. 

Ақпанда үй бағасы аспандады

Шымкентте ақпан айында пәтерлер 2.1% - ға қымбаттады. Пәтер алғыңыз келсе бір шаршы метр үшін 319 400 теңгеден төлейсіз. 

Ақпанда үй бағасы аспандады

Тараз мен Көкшетауда да баға тұрақтап қалмапты, мұнда шаршы метрдің құны 2% - ға өскен, шаршы метрі 219 275 және 268 725 теңге. 

Елорда динамика бойынша соңғы орында тұр. Өсім 1.6% - бен шектелген, нұрсұлтандықтар пәтер сатып алу үшін бір шаршы метрге орта есеппен 362 850 теңге төлеулері қажет. 

Ақпанда үй бағасы аспандады

Қарағандыда өсім 1.1% -ды құраған, қарағандылықтар үйдің шаршы метрін 290 900 теңгеге сатып ала алады. 

Кrisha.kz сайтының мәліметінше, 2020 жылғы ақпанға қатысты еліміздегі пәтерлерге ұсыныстар бағасы 20.3% - ға өсті. Ең жоғары көрсеткіш Павлодарда (34.2 %), Петропавлда (33.8 %), Өскеменде (31.7 %), Шымкентте (26.2 %) және Семейде (25 %). 

Ақпанда үй бағасы аспандады

Ең азы Оралда (17.3% ), Алматыда (13.7 %), Атырауда (12.8 %), Ақтауда (6.6 %) және Нұр-Сұлтанда (6.2 %). 

Ал енді осы бағаларға қарап үй сатылып, сатып алып жатқан адамдар бар ма деген ойға қаласың. Ол үшін Статистика бюросындағы мәліметтерге тоқталсақ. 

2021 жылғы ақпанда тұрғын үйді сатып алу-сатудың тіркелген мәмілелерінің саны - 41101. Өткен аймен салыстырғанда 90,5% артұан. 2021 жылғы қаңтар-ақпанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 40,4% артқан. 

Егер 2021 жылдың алғашқы 2 айында елде 40 мыңға жуық пәтер мен үй сатып алса, 2020 жылдың қаңтар-ақпан айларында - 20 мыңға жуық. 

Бір қызығы, жылжымайтын мүлік сатылымының күрт өсуі Алматыда емес, елордада (2,1 есе) тіркелген. Бірақ рекорд еліміздің батыс өңірлеріне тиесілі – Маңғыстау (6,9 есе), Атырау (2021 жылғы қаңтармен салыстырғанда 3,5 есе). 

Алматыда 2020 жылғы ақпанда үй мен пәтерді сатып алу-сатудың 4249 келісім шарты, ал 2021 жылғы ақпанда – 5570 келісім жасалды. 

Елордада 2020 жылғы ақпанда үйлер мен пәтерлерді сатып алу-сатудың 3108 келісімі, 2021 жылғы ақпанда - 6579 келісім шарт жасалған.

Ақпанда үй бағасы аспандады 
 



Өзгелердің жаңалығы