Жол құрылысына отандық ғалымдардың өнертабыстары пайдаланылады

12 Наурыз 2021, 19:19
1701
Бөлісу:
Жол құрылысына отандық ғалымдардың өнертабыстары пайдаланылады
PHOTO

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Соңғы 15 жылда Қазақстан жол ғылыми зерттеу институтының ғалымдары еліміздің автожол саласы үшін 200-ге жуық жаңа технология мен инновациялық шешім әзірлеген.
 

Жол құрылысына отандық ғалымдардың өнертабыстары пайдаланылады

Бұл әзірлемелерді қолдана отырып, 170 автожол учаскесі салынды.

Жол құрылысына отандық ғалымдардың өнертабыстары пайдаланылады

Инновациялық әзірлемелерді енгізген соң институт мамандары учаскелердің пайдалану жағдайын тұрақты түрде бақылап отырады. Осылайша, 2020 жылы ҚазжолҒЗИ 4 учаскені мониторингтен өткізген. Бұдан бөлек, былтыр «Күрті-Бұрылбайтал», «Ақтөбе-Атырау» және «Омбы-Майқапшағай» автомобиль жолдарының учаскелеріндегі жол жабындылары мен жер асты қабаттарының температурасы мен ылғалдылығының өзгеруіне ұзақ мерзімді бақылау жүргізу үшін институт ғалымдары серіктестермен бірге ойлап шығарған өлшеу кешендері, яғни температура мен ылғалдылық датчиктері орнатылды.

Жол құрылысына отандық ғалымдардың өнертабыстары пайдаланылады

Айта кету керек, 2020 жылы институт зертханалары жүргізген зерттеу нәтижелері бойынша материалдар мен құрылымдардың сапасын бағалау бойынша 260 хаттама берілді. ҚазжолҒЗИ-дың жылжымалы зертханалары автомобиль жолдарын диагностикалау мен төлқұжаттауды жүзеге асырады. Осылайша өткен жылы 2397 диагностикалау жүргізіліп, автомобиль жолдары мен қала көшелерінің 202 шақырымы төлқұжаттандырылды.

Жол құрылысына отандық ғалымдардың өнертабыстары пайдаланылады

Сондай-ақ, былтыр ҚазжолҒЗИ ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Жол битумының жоғары және төмен температуралық сипаттамаларын жақсарту» гранттық жобасы бойынша жұмысты бастап кетті.Оның аясында білім беру мекемесінің зертханаларында битумды байланыстырғыштарды сынау бойынша италиялық Калабрия университетімен бірлескен жұмыс жүргізілуде. Жоба Қазақстан өңірлерінің климатын ескере отырып, сапасы жақсартылған жол битумдарын шығару мүмкіндігін қарастырады.

Бұдан бөлек, институт автожол жобалары бойынша кеңес беру бағытында ауқымды жұмыстар жүргізуде. Сондай-ақ, автомобиль жолдарын салу мен реконструкциялау кезінде авторлық қадағалауды да жүзеге асырады.


 

 

Өзгелердің жаңалығы