«Frankofonı Naýryzy 2021»: Бельгия елшілігі «Наши битвы» фильмін тамашалауға шақырды

12 Наурыз 2021, 13:32
1947
Бөлісу:
«Frankofonı Naýryzy 2021»: Бельгия елшілігі «Наши битвы» фильмін тамашалауға шақырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанның Бельгиядағы елшілігі де «Frankofonı Naýryzy 2021» мәдени маусымына белсенді қатысатын болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бельгияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Алекси де Кромбрюхге де Пикендаль айтты.

Оның айтуынша, фестиваль аясында Нұр-Сұлтандағы Бельгия елшілігі 26 наурыз бен 1 сәуір аралығында «Үкі »вертуалдық платформасында «Наши битвы» фильмін тегін тамашалай алады. 

Бұл комедиялық драмада актер Ромен Дюри рөліндегі азамат өмірлік қиындықтармен күреседі. Сондай-ақ, 5-9 сәуір аралығында Алматыда Воллония эксперттік тобы Қазақстандағы француз тілі мұғалімдер қауымдастығымен екі шығармашылық байқау өткізетін болады. Оның негізгі тақырыбын экологияға арнамақпыз, - деді ол.
Сонымен қатар, Марокконың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Абделжалил САУБРИ елордалықтар назарына Мароккада белгілі үш фильмнің және Алматыда деректі фильм көрсетілімі өтетінін атап өтті. Қазақстандықтар, сондай-ақ, Марокконың мұражайын виртуалды тамашалап, сол елдің мәдениетімен жақын таныса алатын болады.

Бұған дейін Француз фестивалі аясында Қазақстанда 50-ден астам шара өтетінін жазған едік.


Өзгелердің жаңалығы