Антикор сыбайлас жемқорлық бойынша жиі шағымданатын аймақтарды атады

12 Наурыз 2021, 17:22
1416
Бөлісу:
Антикор сыбайлас жемқорлық бойынша жиі шағымданатын аймақтарды атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. AntikorNews алаңында өткен брифингте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров қай саланың қызметкерлерінің әрекеттеріне қатысты шағымдар түсетінін атады. 

Жалпы, полиция қызметкерлерінің, білім беру және денсаулық сақтау қызметкерлерінің әрекеттеріне қатысты шағымдар түседі, - деді ол.

Бекайдаров атап өткендей, шағымдардың басым көпшілігі қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін параны бопсалау, кедергісіз жол жүру, анықтамалар, жүргізуші куәліктерін, дипломдар беру, мүгедектікті, жәрдемақыларды ресімдеу, жұмысқа орналастыру және басқа да фактілер бойынша түседі.

Шағымдар бойынша өңірлер саны бойынша оңтүстік және орталық аймақтар көш бастап тұр. Атап айтқанда, Түркістан облысы, Алматы қаласы, Шымкент және Нұр-Сұлтан қалалары. Мәселен, биыл 15 ақпанда «1424 Call-орталығы» арқылы келіп түскен шағым бойынша Түркістан облысы аудандарының бірінде – бас маман, ауылдық округ әкімдігінің атаулы әлеуметтік көмек беру жөніндегі комиссиясының төрағасы жәрдемақыны кедергісіз алу үшін 7 000 теңге сомасында пара алу сәтінде әшкереленді, - деп айтты тергеуші.

Сонымен қатар 11 наурызда Шымкент қаласы бойынша ПД ҚҚБ қызметкерлерімен бірлескен жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижесінде Шымкент қаласы Полиция департаментінің патрульдік полиция полкінің қызметкері анықталды. Ол осы жылы 11 наурызда құжатсыз және басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқаруы бойынша әкімшілік хаттама жасамағаны үшін пара алған.

Өзгелердің жаңалығы