Министрлік тыйым салынған аймақтардың шекарасын анықтауды қолға алды

12 Наурыз 2021, 20:20
1948
Бөлісу:
Министрлік тыйым салынған аймақтардың шекарасын анықтауды қолға алды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қорғаныс ведомствосында өткен аппарат кеңесте Қарулы Күштердегі негізгі іс-шаралардың өту барысы қаралды.

Барлық өңірлік қолбасшылықтар мен Десанттық-шабуылдау әскерлерінде өткен роталық тактикалық оқу-жаттығулардың өткізілуі туралы баяндалды. Барлық іс-шаралар күштер мен құралдарды барынша қамти отырып жүргізіледі. Атап айтқанда, артиллерия, РХБҚ бөлімшелері, инженерлік әскерлер мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс, ұшқышсыз ұшу аппараттарының есептері. Оқу-жаттығудың тақырыбы қазіргі қарулы қақтығыстардың тәжірибесін ескере отырып анықталған болатын.  

Министрлік тыйым салынған аймақтардың шекарасын анықтауды қолға алды

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы мен десанттық-шабуылдау әскерлері бөлімдерін кенеттен тексеру барысы қаралды. Олар дабыл бойынша көтеріліп, «Мәтібұлақ» полигонына көшіруді жүзеге асырды. Келгеннен кейін белгіленген аудандарда шоғырланып, оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындау бойынша нұсқаулар алды.

Қорғаныс ведомствосының басшысы арсеналдар, қоймалар мен сақтау базалары жанындағы тыйым салынған аудандардың шекараларын анықтау бойынша жұмысты жандандыру қажеттігін атап өтті. 2020 жылы Қорғаныс министрлігінің бастамасымен заңнамалық актілерге қажетті өзгерістер енгізіліп, әзірленді. Қорғаныс ведомствосы тыйым салынған аудандарды анықтауды есептеу әдістемесін бекітті.

Министрлік тыйым салынған аймақтардың шекарасын анықтауды қолға алды

Бұл ретте, аталған жұмыс жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп атқаруды талап етеді. Бас қолбасшыларға гарнизондарда әкімдіктермен тыйым салынған аймақтардың шекараларын, көшіруге немесе иеліктен шығаруға жататын объектілердің тізбесін, сондай-ақ бұл үшін қажетті ресурстарды айқындау жөніндегі жұмысты жеделдету тапсырылды. Халықтың қауіпсіздігі мәселесі болғандықтан, бұған барлығы жауапкершілік танытуы керек.

Қарулы Күштердің бақылау және қадағалау органдарымен өзара іс-қимыл мәселесі жеке қаралды. Генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев атап өткендей, олармен бірлескен жұмыс жалпы гарнизондарда заңдылық пен құқықтық тәртіпті неғұрлым тиімді сақтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, әскери қызметшілер көп ретте бақылау және қадағалау органдарының өкілеттіктері туралы, екі жақтың құқықтары мен міндеттерінен хабарсыз.

Министрлік тыйым салынған аймақтардың шекарасын анықтауды қолға алды

Әскелердегі құқықтық жұмыстың сапасын арттыру, азаматтар мен лауазымды тұлғалардың құқықтарын түсіндіру, екі тараптың да заңдылықты сақтауын қамтамасыз ету қажет.

Бас әскери-медициналық басқарма бастығының баяндамасы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты, топтық жұқтыру жағдайларын болдырмау бойынша жұмыс атқарылуда.

Қорғаныс министрі командирлер мен медициналық бөлімшелердің жауапкершілігімен қатар, әскери қызметшінің денсаулық жағдайына жеке өзі жауапкершілікті сезінуі тиіс екенін атап өтті. Ол үшін денсаулық сақтау министрлігі ұсынған профилактикалық-гигиеналық және әлеуметтік талаптарды қатаң сақтау қажет.

Өзгелердің жаңалығы