Атырау облысының тағы бір ауруханасында оттегі стансасы іске қосылды

12 Наурыз 2021, 16:50
1570
Бөлісу:
Атырау облысының тағы бір  ауруханасында оттегі стансасы іске қосылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Индер аудандық ауруханасында оттегі станциясы іске қосылды. Осылайша, облыстағы оттегі станциялар саны сегізге жетті, деп хабарлады Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Бүгінде өңірде 7 медициналық ұйымда орталықтандырылған оттегі станциясы жұмыс істейді: облыстық перинаталдық орталық, облыстық кардиологиялық орталық, облыстық аурухана, Атырау қаласындағы модульді жұқпалы аурулар ауруханасы, №2 облыстық аурухана, Құрманғазы және Қызылқоға аудандық ауруханаларында. 

Бұдан бөлек, осы жылы тағы бір медициналық ұйымда - Құлсары қаласындағы модульді жұқпалы аурулар ауруханасында оттегі станциясын орнату жоспарлануда.

Өзгелердің жаңалығы