Октябрь ауданына Әлиханның есімін беруді қарағандылықтар қолдады

12 Наурыз 2021, 20:12
2207
Бөлісу:
Октябрь ауданына Әлиханның есімін беруді қарағандылықтар қолдады
PHOTO
Фото: автордан

Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Қарағандыда Октябрь ауданына Әлихан Бөкейхан есімін беру жөніндегі қоғамдық тыңдалым өтті. Қаланың 15 нысанында өткен көпшілік тыңдалымға 685 адам қатысты.

Қоғамдық тыңдалым Октябрь ауданының «Жаңа Майқұдық», «Теміржолшылар», «Молодежный» мәдениет үйілерінде, Октябрь ауданының әкімдігінде, Г.Головкин атындағы дене тәрбиесі-сауықтыру кешенінде, Тау-кен колледжінде, Қарағанды агротехникалық колледжінде, Қарағанды теміржол колледжінде, «Жакко Караганда» ЖШС және «НәтижеСүтфабрика» ЖШС ғимараттарында өтті.

Октябрь ауданына Әлиханның есімін беруді қарағандылықтар қолдады

Қарағанды қалалық мәслихатының хатшысы Құдайберген Бексұлтановтың айтуынша көпшілік тыңдалымға 685 қала тұрғыны қатысқан.

15 нысанда болған көпшілік тыңдалымға 685 адам қатысты. Халықтың көпшілігі Октябрь ауданына Әлихан Бөкейхан есімін берілуін қолдады. Аталған мәселе 26 наурыз күні қалалық мәслихаттың отырысында қаралады. Одан кейін облыстық мәслихат сессиясында,ең соңында республикалық ономастикалық комиссияда қаралып, шешім шығарылатын болады,- дейді Қарағанды қалалық мәслихатының хатшысы Құдайберген Бексұлтанов.

Октябрь ауданына Әлиханның есімін беруді қарағандылықтар қолдады

Карантин талаптарына байланысты 15 нысанда бөліп өткізілген қоғамдық тыңдалым орындарда санитарлық талаптар барынша сақталған.

Октябрь ауданына Әлиханның есімін беруді қарағандылықтар қолдады


Қоғамдық тыңдалым «Теміржолшылар» мәдениет сарайының 3 залында өтті. 30, 30 және 20 адамдық залдарда өткен шара барысында санитарлық нормалар сақталды. Әлеуметтік қашықтық жіті қадағаланып, тұрғындардың қауіпсіздігіне барынша назар аударылды,- дейді Сұрыптау елді мекеніндегі «Теміржолшылар» мәдениет үйінің қызметкері Айнұр Әділова.

Октябрь ауданына Әлиханның есімін беруді қарағандылықтар қолдады

Қарағандының Октябрь ауданына Алаш көсемінің есімін беру жайлы бастама 5 жыл қатарынан көтеріліп келеді. 

Октябрь ауданына Әлиханның есімін беруді қарағандылықтар қолдады

Бұған дейін Қарағанды қаласының әкімі Әлиханға аудан атын беру 30 жылдықтың басты шарасы болатындығын айтқан еді.

Өзгелердің жаңалығы