Қазақстанда -30 градусқа дейін аяз болады

12 Наурыз 2021, 02:29
1608
Бөлісу:
 Қазақстанда -30 градусқа дейін аяз болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер 12 наурыздағы ауа райы болжамын жариялады.

Ертең синоптиктердің болжамына сәйкес, Қарағанды, СҚО, Павлодар және Ақмола облыстарында ауа температурасы түнде -30 градусқа дейін төмендеп, аяз күшейеді.

12 наурызға қараған түні Қарағанды, СҚО, Павлодар және Ақмола облыстарында бұрқасын болады деп күтіледі. 12-13 наурызда кей жерлерде тұман түсіп, ұйытқыған жел оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойысып, бұрқасындатады, желдің екпіні 25 м/с құрайды.
Өзгелердің жаңалығы