Все новости за 11 ақпан 2021
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Глубокое ауданында 1000 тоннадан астам күнбағыс майын шығаратын кешен салынады – ШҚО
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданындағы «Предгорное элеваторы» базасында орналасқан «Алтын Шығыс» ЖШС автоматтандырылған мультимәдениетті май экстракциялық кешенінде 1000 тоннадан астам күнбағыс майын шығару жоспарлануда. Бұл туралы аудан әкімі Тамара Рахымжанова халыққа есеп беру кездесуінде мәлімдеді.
-
Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары жазаланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімі Алтай Көлгінов өзінің орынбасары Бақтияр Мәкенді қоластындағы қызметкердің сыбайлас жемқорлық әрекеті үшін жазалады, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
-
Венгрияда «Спутник V» вакцинасы салына бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейлік вакцина созылмалы ауруы жоқ 60 жастан асқан тұрғындарға салынып жатыр.
-
Түркістандағы аудан атауы Сауран деп өзгерді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Республикалық ономастикалық комиссияның бұл шешімі өте дұрыс деп ойлаймын. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Мұрат Бақтиярұлы Facebook-тегі парақшасында жазды.
-
Бізде ұлы тұлғалардың барлығы өткен ғасырда ғана өмір сүргендей көзқарас қалыптасқан
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы мұражайында ҚР еңбек сіңірген қайраткері, белгілі кескіндемеші Кәміл Моллашевтің шығармалар каталогының тұсаукесері мен «Кәміл Моллашевтің өнер әлемі» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтті.
-
Көлгіновтің орынбасары отставкаға өтініш берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен отставкаға кету жөнінде өтініш берді.
-
Жол жабық: БҚО тұрғындарына ескерту жасалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ИИДМ баспасөз қызметі жол қозғалысының шектелуіне байланысты шұғыл ақпарат таратты.
-
Астанада Қабанбай батыр даңғылындағы автобус жолақтары алынып тасталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының Қабанбай батыр даңғылындағы қоғамдық көлік жолақтары 10 ақпаннан бастап алынып тасталды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
-
Нұр-Сұлтанда «Дене шынықтыру және қалпына келтіру диспансері» ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада спортшылар үшін жеке Дене шынықтыру және қалпына келтіру диспансері ашылады. 2014 жылдан бастап астана спортшыларына физикалық диспансер қызметін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің №5 қалалық емханасы жүзеге асырып келді.
-
Спорттық гимнастикадан Токиодағы бақылау жарысы мамырда өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық гимнастика федерациясы коронавирусқа байланысты Токио Олимпиадасына іріктеу турнирлерін кейінге қалдырды.
-
Тіліксіз ота жасаудың шебері
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Рентгенохирургия – арнайы құралдарды қолдана отырып, сәулелендіру техникасының бақылауымен қан тамырларына үлкен тілік жасамай атқарылатын ота. Шымкент қаласында осы саланы жетік меңгерген дәрігердің бірі – Ербол Әділбеков.
-
Елордада «Nur-Sultan Open 2021» ашық чемпионаты өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы «QAZAQSTAN» жаңа жеңіл атлетика кешенінде жеңіл атлетикадан «Nur-Sultan Open 2021» ашық чемпионаты өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
-
Сарыағаш ауданында биыл бес жаңа мектеп ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында үш ауысымды мектептердің мәселесін болдырмау мақсатында өткен жылы 5 мектептің құрылысы басталған болатын.
-
Әлияның ізімен
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласының 35748 әскери бөлімінде қызмет ететін қыз-келіншектер Халықаралық армия ойындарының бағдарламасына кіретін «Мергендер шебі» іріктеу жарыстарына қатысады.
-
Коронавирус: Елімізде 13 мыңнан астам адамға вакцина салынған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде 13 мыңнан астам адамға коронавирусқа қарсы вакцина салынған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.
-
Десантшылар Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған марафонды бастады
Алматы, BAQ.KZ. Қорғаныс министрінің бұйрығымен Қазақстан Қарулы күштері ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған мерекелік іс-шараларды бастап кетті.
-
Қазақстандық машина жасаушылар металл өнімдері қымбаттағанын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан машина жасаушылар одағының басқарма төрағасы Қазақстанда металл өнімдері бағасының өскенін мәлімдеді.
-
Вакцина салдырғысы келетіндер көбейді – дәрігер
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Вакцинация алғаннан кейінгі жағдай жайлы Қарағанды қаласындағы КММ №4 емханасының атқарушы директоры Татьяна Мұстафина айтып берді.
-
Баспанаға берілетін 1 млн теңгелік сертификаттың сомасы өсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздегі баспана алуға берілетін сертификат көлемі өзгерді.
-
Сара Назарбаеваның қоғамдық бастамалары талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Ізгілік пен гуманизмнің бастауы: адамгершілік-рухани құндылықтарды жаңғырту» С.А. Назарбаеваның қайырымдылық және педагогика саласындағы қоғамдық бастамаларының қорытындылары талқыланды.
-
Аягөзде он жолақты жүзу бассейнінің құрылысы басталады
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Биыл Аягөз қаласында 10 жолақты жүзу бассейнінің құрылысы басталады.
-
«Аңсаған сәби»: Павлодар облысына 290 квота бөлінді
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде «Аңсаған сәби» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бөлінетін квота жеті есеге артты.
-
Мемлекеттік хатшы Ұлттық комиссияның отырысын өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі Ұлттық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
-
«Жәйрем» кен орнының құрылысы аяқталуға жақын - әкім
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек облыстағы Қаражал қаласы мен Жәйрем кентінде атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты. Бұл туралы әкім өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
-
#Тәуелсіздік30: Тарихи роман жарыққа шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойына орай белгілі қаламгер, филология ғылымдарының докторы, түркітанушы Иманғазы Нұрахметұлының «От пен су» роман-эпопеясының бірінші томы жарық көрді.
-
Ауыз қуысы ауруларымен әлем бойынша 3,5 млрд адам ауырады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Стоматологиялық көмек: профилактикадан бастап клиника таңдауға дейін – маман кеңесі» атты онлайн дәріс кезінде медицина ғылымдарының докторы, профессор, «Academy of Dentistry International» ұйымының мүшесі, «Қазақстан стоматологиясы» ғылыми-практикалық журналының бас редакторы Сәуле Есембаева айтты.
-
СҚО-да бір отбасы түгел өртеніп кетті
Солтүстік Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Оқиға Мағжан Жұмабаев ауданының орталығы Булаев қаласында орын алған.
-
8 мың доллар пара алды деген күдікпен Жоғарғы сот судьясы ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жоғарғы соттың судьясы Мейрам Жанғұттинов пара алды деген күдікпен ұсталған. Бұл туралы Kozachkov offside телеграм каналында журналист Михаил Казачков хабарлады.
-
Құрық портына жаңа терминал салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл ақпан айында "ҚТЖ "ҰК" АҚ, "Құрық порты" ЖШС және "Kaspi Grain Way" ЖШС арасында Құрық портында терминал салу бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
-
Еліміздегі маңызды автожолдарда 350-ден астам камера орнатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің тас жолдарында бейнебақылау камераларын орнату жалғасуда. Бұл ақылы жолдарда ақы өндіру жүйесін орнату бойынша инвестициялық жобаның аясында қарастырылған.
-
Тоқаев мемлекет меншігінен шығару саясатының үш негізгі қағидатын атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі форумның отандық бизнес өкілдері мен «Самұрық-Қазына» қоры үшін маңызды басқосу екенін айтты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Мұхтар Құл-Мұхаммед Мұқағалидың «Автографын» оқыды
Нұр-сұлтан, BAQ.KZ. Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай елімізде ақын өлеңдерін оқудан жыр эстафетасы өтіп жатқаны белгілі. Таяуда Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева эстафета кезегін көрнекті мемлекет қайраткері, сенатор, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммедке жолдаған еді.
-
Мұңайтпасовтың 150 жылдығы қалай мерекеленеді?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы Олимпиада резервінің мамандандырылған республикалық білім мекемесінде атағы әлемге әйгілі балуан Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына орай салтанатты іс-шара өтті.
-
Бүгінгі балаң қандай болса, ертеңгі ұлтың сондай болады - жазушы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ОКҚ-де өткен онлайн брифингте жазушы, жыршы, драматург Баянғали Әлімжанов қазақ балалар әдебиеті бай, адамгершілігі мол, имандылыққа тәрбиелейтін әдебиет екенін айтты.
-
Ресей елшісі Никонов пен Федоровтың мәлімдемелеріне қатысты ашығын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейдің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкин «Хабар 24» телеарнасына сұхбатында ресейлік депутаттардың Қазақстан шекарасына қатысты мәлімдемелеріне пікір білдірді.
-
Биыл әдебиет жылы болайын деп тұр - Ұлықбек Есдәулет
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Жазушылар Одағының басқарма төрағасы Ұлықбек Есдәулет балалардың кітап оқуын дамыту – бұл әдебиетті дамыту деген пікірде. Ол ОКҚ-де өткен брифингте елімізде комикс саласы дамымай тұрғанын айтты.
-
Тәуелсіздік жастары: Мемлекетті кінәлай бермей, білім алу керек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биыл еліміздің тәуелсіздігіне 30 жыл толатыны белгілі. Айтулы мерекені тойлау жыл басынан басталды. Осы орайда тәуелсіздік жылдары дүниеге келген жастардың тұлғалық қалыптасу жолы туралы жазуды жөн көрген едік. Тәуелсіздік құрдасы Ботагөз Нышанның 30 жылдық өмірлік тәжірибесі туралы оқи отырыңыз.
-
Бірінші вакцинаны алған соң күтінген жөн, өйткені вирус жұқтыру қаупі бар - дәрігер
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы №20 емхананың бас дәрігерінің орынбасары Маржан Әлиева онлайн брифинг барысында «Спутник V» вакцинасының адамды қаншалықты қорғай алатынына қатысты жауап берді.
-
Атыраулық мәдениет қызметкері музыкалық аспаптарды ломбардқа өткізіп жіберген
Алматы, BAQ.KZ. Атырау облысында мемлекет мүлкін талан-таражға салғаны үшін мәдениет саласының қызметкері 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы ҚР Қаржылық мониторингі агенттігі хабарлады.
-
Ақмолада су тасқынына қарсы тоғыз жоба жүзеге асырылады
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ақмола облысында «2021-2023 жылдарға арналған су тасқыны қаупінің алдын алу және жою жөніндегі шаралар кешені» жол картасы бойынша тоғыз жоба қолға алынуда. Құрылыс жұмыстары жақын арада басталмақшы. Бұл туралы Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Қанат Доспаев мәлімдеді.
-
COVID-19. Әлемдік ахуал
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус індеті басталғалы да бір жылдан асты. Ал бір айдан кейін елімізде карантин режимі басталғанына да бір жыл болады. Қатерлі індеттің әлем бойынша бүгінгі жағдайы қандай екені жарияланды.
-
Ауылға газ құбыры тартылады
Қостанай облысы, BAQ.KZ тілшісі. Әулиекөл ауданы орталығына газ тартылады. Бұл туралы аудан әкімі Ерлан Теменов онлайн режимде өткен халыққа есеп беру кездесуінде айтты.
-
Әуежайда санитарлық нормалардың сақталуы қалай бақыланады
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы әкімінің тапсырмасы бойынша мегаполис аумағында қоғамдық орындарда санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы бақыланады. Олардың қатарында Алматы халықаралық әуежайы бар, онда келушілердің жағдайын және оларда COVID-19-ға теріс ПТР тестінің нәтижесі теріс болуын бақылайды.
-
Ақтөбелік азамат өмір бойы көлік жүргізу құқығынан айырылуы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе қаласының тұрғыны көлікті есірткі шегіп жүргізгені анықталды, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
-
Вакцина салдырғаннан кейін бірден жұмысқа кірістім - дәрігер
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. 1 ақпанда елімізде «Covid-19» індетіне қарсы вакцинациялау басталды. Алғашқылардың бірі болып «Спутник V» вакцинасын салдырған қарағандылық дәрігерлер қазіргі уақытта жағдайларының қалай екендігін айтты.
-
«Қазақстанның оқырман ұрпағы – 2021» жалпыұлттық акциясын өткізу ұсынылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі балалар мен жасөспірімдердің кітап оқу белсенділігі мен кітап оқу мәдениетін арттыруға бағытталған «Қазақстанның оқырман ұрпағы – 2021» жалпыұлттық акциясын өткізуді ұсынды. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов ОКҚ-де өткен онлайн брифингте хабарлады.
-
Қазақстан кітапханаларының Жиынтық электрондық каталогы іске қосылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов ОКҚ-де өткен онлайн брифингте хабарлады.
-
Коронавирустан кейінгі күйзеліспен қалай күресу керек?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. COVID-19-ды жеңіп шықса да, күйзелістен арыла алмай жүрген жандардың саны күн сайын өсіп келеді. Күнделікті үйренген режимнің бұзылуы, шынымен де, стресске алып келе ме? Елімізде 1 ақпаннан басталған коронавирусқа қарсы вакцинация жайлы не білеміз? Бұл туралы «Qazaqstan» ұлттық телеарнасының «Теледәрігер» бағдарламасында айтылды.
-
2021 жыл «Балалардың кітап оқуын қолдау жылы» деп жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «2021 жылды – Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы» деп жариялады. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов ОКҚ-де өткен онлайн брифингте хабарлады.
-
Былтыр Қазақстан шамамен 20 млн долларға гуманитарлық көмек алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылы дағдарыс кезінде Қазақстан 19 миллион долларға гуманитарлық көмек алды, оның жартысынан көбін Қытай қамтамасыз етті. Ал Қазақстанның өзі 3 миллион доллардан астам сомаға гуманитарлық көмек көрсетті.
-
Әуе рейсі. Кеше елімізге 300-ге жуық ПТР анықтамасыз жолаушы келген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 10 ақпанында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Корея, БАӘ, Мысыр, Түркия, РФ, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 12 халықаралық әуе рейсі келді. Бұл туралы Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады.
-
Пәтер кезегінде тұрғандардың саны өсіп, алғандардікі кеміген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Депутат Нариман Төреғалиев Сенаттың жалпы отырысында мүгедектерге арнап салынатын үй құрылысының сапасын арттыруды талап етті.
-
Депутаттар санавиацияға көбірек ақша бөлуді сұрады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенаторлар Ақмарал Әлназарова, Нұртөре Жүсіп және Мұрат Бақтиярұлы Премьер-министрдің атына жолдаған депутаттық сауалында санитарлық авиация өз пациенттеріне сапалы қызмет көрсетуі тиістігін айтты.
-
«Оpen әкімдік» сервистік қызметі қосылғалы түрлі мәселемен келетін адам саны 2 есе азайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының әкімі Берік Жәкенов «Antikor.LIVE» жобасы аясында өткен тікелей эфир барысында айтты.
-
Вакцина. Жағдайымыз қалыпты – атыраулық дәрігерлер
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде 1 ақпаннан бастап коронавирус инфекциясына қарсы жаппай вакцинациялау басталды. Ең алдымен вакцинаны медицина қызметкерлері салдыруда.
-
Алматы полициясы азаматтарды көбіне не мазалайтынын айтты
Алматы, BAQ.KZ. Алматы полициясы азаматтарды көбіне не мазалайтынына талдау жүргізді. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов тұрғындар алдындағы есеп беру кездесуінде айтты.
-
Әкімдер сайлауы бәсекелестікті арттырып, ауылдағы саяси өмірдің өсуіне әкеледі – Байтөкенова
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев екінші Жолдауында 2021 жылы өкілеттік мерзімі бітетін ауыл әкімдерінің сайлауын тікелей өткізу қажеттігін айтқан еді.
-
Сенатор қымбатшылыққа қатысты наразылығын білдірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Соңғы кездері жұмыртқа мен құс еті жиі қымбаттап жатыр. Оның негізгі себептерінің бірі жем-шөптің қымбаттауынан болып отыр. Бұл туралы Сенат депутаты Сұлтан Дүйсембинов айтты.
-
Депутаттар тіл білмейтін дипломаттарға қатаң шара қолдануды ұсынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Дипломат болуға үміткерлердің барлығы мемлекеттік тілді ғана емес, шет тілдерін де білуі керек болады. Бұл бүгінгі Сенаттың жалпы отырысындағы депутаттардың талабы.
-
ШҚО-да қар көшкінінің жүруінен турист қаза болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 10 ақпанда Облыс орталығынан келген алты саяхатшы Риддер қаласында Үлбі өзенінің маңайындағы Сержиха тауында қарда сырғанап жүрген. Кенеттен таудан көшкін жүріп кетті. Демалушылардың бірін қар басып қалды.
-
Мәжілістен кеткен экс-депутаттардың қаншасы жаңа жұмыс тауып үлгерді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биыл 10 қаңтардағы сайлаудан кейін Мәжілістің құрамы айтарлықтай өзгерді. Осы ретте бұрынғы алтыншы шақырылымда депутат болғандардың арасында қайсысы жаңа қызметке тұрып үлгерді?
-
Үш аптадан кейін тағы вакцина салдыртамыз - дәрігер
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласының № 7 емханасының ШҚТ бойынша басшысы Ұлдаш Ерғалиева коронавирусқа қарсы вакцинация науқаны туралы баяндап, вакцинациядан кейін өзін қалай сезінетінін айтты.
-
Елорда «сары» аймаққа енді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК еліміздің өңірлеріндегі 2021 жылғы 11 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады.
-
Халықаралық әуе рейстері саны ұлғайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тұрақты халықаралық жолаушылар рейстері ұлғайтылды. Бұл туралы ҚР ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.
-
Алматы дәрігерлері вакцинадан кейінгі әсерлерін айтты
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде 1 ақпаннан бастап медицина қызметкерлеріне ресейлік «Спутник V» вакцинасын салу жүріп жатыр. Вакцина алған соң қызметкерлер өзін қалай сезінді, қандай да бір жағымсыз әсері болды ма? Осы және басқа сұрақтар бойынша Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының №7 қалалық клиникалық ауруханасында болып, медицина қызметкерлерінің пікірін білген едік.
-
АӘК алушыларға әлеуметтік көмек тағайындау автоматты түрде ұзартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы I тоқсанда барлық атаулы әлеуметтік көмек алушыларға мемлекеттік инстанцияға жүгінбей, АӘК тағайындауға өтініш автоматты түрде ұзартылды. Бұл шара 106 мың отбасының 525 мыңға жуық адамына қатысты болды.
-
ІІМ сұранысқа ие мемлекеттік қызметтерді атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінде ішкі істер органдары көрсететін 40 қызметтің 38-і (95%) автоматтандырылған. 2020 жылы ішкі істер органдары 8 млн 937 мың мемлекеттік қызмет көрсеткен.
-
Өткен тәулікте 52 адам пневмониямен түскен
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сoronavirus2020.kz сайты 2021 жылғы 11 ақпандағы жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпарат жариялады.
-
Коронавирус пен пневмониядан 9 адам көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 11 ақпандағы ақпаратты жариялады.
-
Мамандар: Ресейлік «Спутник V» вакцинасынан қорқудың қажеті жоқ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семейде вакциналау жайында жалған ақпарат тарады, деп хабарлайды «Хабар 24».
-
Коронавирус: тағы 1530 адам емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде өткен тәулікте 1530 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.
-
Өткен тәулікте 1007 адамнан коронавирус анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде өткен тәулікте 1007 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып, ауырғаны белгілі болды. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайты хабарлады.
-
Түрмедегілер тапқырлығымен таңғалдыруда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен аптада Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қылмыстық-атқару жүйесінің 3 мекемесінде 4 ұялы телефон мен 2 литр алкоголь өнімі тәркілеген.
-
Volkswagen компаниясы ұшатын көліктер құрастырмақ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Volkswagen ірі еуропалық автоөндірушісі Қытайда ұшатын автомобильдерді жасаудың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуде, деп хабарлайды REUTERS.
-
Оралда мейрамхана оқушылар орталығына айналды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Пандемия салдарынан кәсібін тоқтатқан мейрамхана иелері енді облыс басшылығының қолдауымен жаңа кәсіпке бет бұрып жатыр. Мейрамхана, дәмхана иелеріне мемлекет тарапынан көмек ұйымдастырыла бастады, деп жазады aikyn.kz.
-
Каспийдегі итбалықтарға қауіп төніп тұр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Каспий теңізіндегі итбалықтарға қауіп төніп тұр, деп хабарлайды Atameken Business.
-
Қабанбай батыр даңғылындағы автобус жолағы алынып тасталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада Қабанбай батыр даңғылындағы қоғамдық көлік жолағы «Сергек» жүйесінен алынып тасталады, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
-
Бішкекте екі тәулікте үш рет мэр ауысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алатаудың арғы бетінде ауыс-түйіс тоқтамай тұр. Қырғыз астанасында соңғы 2 күнде 3 рет қала басшысы ауысты, деп хабарлады 24.kz.
-
Зейнетақы жинағы: Ипотекасыз үй алу үшін қандай құжаттар қажет
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Зейнетақы жинағын пайдалана отырып, ипотекасыз тұрғын үй сатып алу (толық сатып алу) кезінде қандай құжаттар керектігі жарияланды. Бұл туралы Отбасы банкі әлеуметтік желідегі парақшасынада хабарлады.
-
Алматыда бірнеше көлік соғысып, төрт адам зардап шекті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда бірнеше көлік соқтығысып, төрт адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
-
Мұзда қалған балықшыларды құтқарған полицей марапатталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қапшағай көлінде мұздың үстіндегі балықшыларды құтқарған полицей «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісімен наградталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Наверх