Зейнетақы жинағы: Ипотекасыз үй алу үшін қандай құжаттар қажет

11 Ақпан 2021, 02:20
2215
Бөлісу:
Зейнетақы жинағы: Ипотекасыз үй алу үшін қандай құжаттар қажет

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Зейнетақы жинағын пайдалана отырып, ипотекасыз тұрғын үй сатып алу (толық сатып алу) кезінде қандай құжаттар керектігі жарияланды. Бұл туралы Отбасы банкі әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

45 күннің ішінде​ сатушымен бірге Халыққа қызмет көрсету орталығына немесе​ нотариусқа барып сатып алу-сату келісімшартын рәсімдеп, қаражаттың мақсатты қолданылатынын растау үшін​ келесі құжаттарды enpf-otbasy.kz онлайн платформасына PDF форматында жүктеу қажет:

1.​ ​​Уәкілетті орган тіркеген тұрғын үйді сатып алу-сату шарты;

2.​ ​Мемлекеттік тіркеу туралы анықтама (сатып алу-сату шартын тіркеген мекемеден алынады: ХҚКО немесе нотариус);

3.​ ​​Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама (egov.kz - арқылы алуға болады);

1 және 2 құжатты бір PDF файлға жүктеу керек.

Егер сіздің сканер PDF форматындағы құжат жасай алмаса, онда www.ilovepdf.com сайты арқылы кез келген JPEG, PNG немесе басқа форматтағы құжатты PDF-ке тегін ауыстыра аласыз.

Құжаттарды жүктеген соң қаражатты сатушыға аудару туралы өтінішке ЭЦҚ көмегімен қол қойыңыз.

10 жұмыс күні ішінде қаражат сатып алу-сату келісімшартында көрсетілген деректемелер бойынша сатушының шотына түсетін болады.

Өзгелердің жаңалығы