Халықаралық әуе рейстері саны ұлғайды

11 Ақпан 2021, 10:22
1376
Бөлісу:
Халықаралық әуе рейстері саны ұлғайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тұрақты халықаралық жолаушылар рейстері ұлғайтылды. Бұл туралы ҚР ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2021 жылғы 9 ақпандағы шешіміне сәйкес келесі елдермен тұрақты халықаралық жолаушылар рейстерін ұлғайтуға/жаңғыртуға рұқсат етілді, - делінген хабарламада.

1. Ресей - 7 рейске (әр тараптан аптасына 3-тен 10 рейске дейін):
- Нұр-Сұлтан - Мәскеу, әр тараптан аптасына 2-ден 4 рейске дейін;
- Алматы - Мәскеу, әр тараптан аптасына 1-ден 4 рейске дейін;
- Шымкент - Мәскеу, әр тараптан аптасына 1 рейстен қайта бастау;
- Ақтау - Мәскеу, әр тараптан аптасына 1 рейстен қайта бастау. 

2. Мальдивтер - 3 рейске (аптасына 4-тен 7 рейске дейін):
- Алматы - Мале, қазақстандық әуе компаниялар үшін аптасына 4-тен 7 рейске дейін; 

3. Қырғызстан - 1 рейске (аптасына 2-ден 3 рейске дейін):
- Алматы - Бішкек, аптасына 2-ден 3 рейске дейін; 

4. Өзбекстан - 1 рейске (әр тараптан аптасына 3 рейстен 4 рейске дейін):
- Нұр-Сұлтан - Ташкент, әр тараптан аптасына 1-ден 2 рейске дейін; 

5. Украина - 1 рейске (аптасына 1-ден 2 рейске дейін):
- Нұр-Сұлтан - Киев, аптасына 1 рейсті қайта бастау. 

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтай отырып және әуе компаниялардың сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалатын болады. 


Өзгелердің жаңалығы