Сарыағаш ауданында биыл бес жаңа мектеп ашылады

11 Ақпан 2021, 20:20
3316
Бөлісу:
Сарыағаш ауданында биыл бес жаңа мектеп ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында үш ауысымды мектептердің мәселесін болдырмау мақсатында өткен жылы 5 мектептің құрылысы басталған болатын. Мектеп ғимараттарын күрделі жөндеу жұмыстары былтыр екі мектепте жүргізілген болса, биыл  екі  мектептің күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.

Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Сарыағаш ауданында биыл бес жаңа мектеп ашылады

Одан бөлек, былтыр жаңадан 4 мектеп салу үшін ЖСҚ-ы әзірленген болса, биыл тағы 2 жаңа мектептің құжаттары әзірленетін болады. Былтыр күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында 12 мектепке сметалық құжаттар дайындалған болса,  биыл қосымша  төрт мектепке сметалық құжаттар дайындау жоспарланып отыр.  Сондай-ақ, осы жылы қосымша 4 мектептің  жылу жүйесі газга ауыстырылады.  Және тағы екі  мектептің ЖСҚ-ы әзірленетін болады.

Сарыағаш ауданында биыл бес жаңа мектеп ашылады

Жалпы ауданда барлығы 80 мектеп бар. Оның 66-ы типтік, 14-і ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан. Бұдан басқа ауданда 220 мектепке дейінгі мекемелер бар. Оның 16-сы мемлекеттік балабақша, қалғаны жекеменшік. Мектепке дейінгі мекемелерде 25 мыңнан астам бала тәрбиеленіп, 3-6 жастағы балалардың балабақшамен қамтылуы толық шешілген.


Өзгелердің жаңалығы