Құрық портына жаңа терминал салынады

11 Ақпан 2021, 16:47
1557
Бөлісу:
Құрық портына жаңа терминал салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл ақпан айында "ҚТЖ "ҰК" АҚ, "Құрық порты" ЖШС және "Kaspi Grain Way" ЖШС арасында Құрық портында терминал салу бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Бұл Құрық портын дамыту аясындағы "ҚТЖ "ҰК" АҚ жүзеге асырып жатқан жаңа жобасы.

2022 жылы бір мезгілде 25 000 тонна дәнді дақылдарды сақтайтын қуаты жылына 1 млн.тонналық терминалды іске қосу жоспарлануда.

Терминал Қазақстан – Иран/Кавказ өңірі елдері бағыты бойынша және одан әрі үшінші елдерге астық дақылдары экспортының болжамды көлемін ұлғайтуды қамтамасыз етеді.

Қол қойылған Келісім көлік маршрутының бәсекеге қабілеттілігін көтеруге, жүк ағындарын ұлғайтуға, экспорттық әлеуетті арттыруға және Құрық порты арқылы жүк тасымалдау процесін жетілдіруге ықпал етеді.

Өзгелердің жаңалығы