Қабанбай батыр даңғылындағы автобус жолағы алынып тасталады

11 Ақпан 2021, 04:20
2791
Бөлісу:
Қабанбай батыр даңғылындағы автобус жолағы алынып тасталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада Қабанбай батыр даңғылындағы қоғамдық көлік жолағы «Сергек» жүйесінен алынып тасталады, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.   

Өткізу қабілетін арттыру мақсатында бүгіннен бастап Қабанбай батыр даңғылындағы қоғамдық көлік жолағы «Сергек» жүйесінен алынып тасталады. Автобус жолағына түскен көлік тіркелмейді. Алайда бұрынғысынша жылдамдық режимін тіркеу жүргізіле береді, – делінген хабарламада. 

Департаменттің мәліметінше, жол белгілерін өзгерту 2021 жылғы көктемгі-жазғы кезеңде ауа райы қолайлы болған кезде жүргізіледі.

Өзгелердің жаңалығы