Елордада «Nur-Sultan Open 2021» ашық чемпионаты өтеді

11 Ақпан 2021, 20:35
1032
Бөлісу:
Елордада «Nur-Sultan Open 2021» ашық чемпионаты өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы «QAZAQSTAN» жаңа жеңіл атлетика кешенінде жеңіл атлетикадан «Nur-Sultan Open 2021» ашық чемпионаты өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

2021 жылдың 12-13 ақпанында аталмыш спорт кешенінде жасы үлкен және жасы кіші жасөспірімдер арасында жеңіл атлетикадан «Nur-Sultan Open 2021» ашық чемпионатының жалауы желбірейді. Іс-шараның салтанатты ашылуы 12 ақпан күні сағат 12:00-де өтеді.

Аккредиттеу 11 ақпанға дейін мына электрондық мекенжай арқылы қабылданады: sultan.nurekenovich@gmail.com.

Бұл чемпионат жаңа кешен қабырғасындағы алғашқы спорттық іс-шара болмақ. Жарысқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен 170-тен астам спортшы қатысады.

Айта кетейік, жаңа кешен өткен жылдың қараша айында ашылған болатын. Ол халықаралық талаптардың бәріне сәйкес келеді және World Athletics сертификатын алған. Заманауи жоғары технологиялармен жабдықталған база спортшылардың республикалық және халықаралық жарыстарға, әлем чемпионаты мен жазғы олимпиада ойындарына дайындалуына мүмкіндік береді.


Өзгелердің жаңалығы