ШҚО-да қар көшкінінің жүруінен турист қаза болды

11 Ақпан 2021, 10:55
1338
Бөлісу:
ШҚО-да қар көшкінінің жүруінен турист қаза болды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 10 ақпанда Облыс орталығынан келген алты саяхатшы Риддер қаласында Үлбі өзенінің маңайындағы Сержиха тауында қарда сырғанап жүрген. Кенеттен таудан көшкін жүріп кетті. Демалушылардың бірін қар басып қалды.

Дереу көмекке ШҚО ТЖД Жедел құтқару жасағының құтқарушылар тобы кинологиялық есеппен бірге Еврокоптер-145 тікұшағымен шықты, құрамында 5 адам бар екінші топ жол талғамайтын көлікпен Өскеменнен шықты, оған қоса Риддер қаласынан құтқарушылар мен қарда жүретін көлікпен 4 волонтер қосымша жұмылдырылды, - деді Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли. 
Сағат 16:23-те тікұшақ күннің бұлтты болуы мен көз көргісіз ақ түтек бораннан қонуға мәжбүр болды. Осы уақытта саяхатшылар байланысқа шығып және зардап шеккенге дейін жетіп, қар астында қалған 1979 жылы туған ер адамның денесін алып шыққанын хабарлады. 

Саяхатшылар тұрған орындарының нақты координаттарын беріп, ол жерге құтқарушылар мен волонтерлар қарда жүретін техникамен жетті.  Бірақ ауа температурасының төмендеп, қараңғы түсіп кеткендіктен таудан түсу мүмкін болмады. 11 ақпанда 8 волонтер, 2 құтқарушы және 1 криминалдық полиция сарапшыдан тұратын топ, сонымен қатар, 3 саяхатшы қаза болған адамның денесін түсіру үшін тауға кетті. 



Өзгелердің жаңалығы