Көлгіновтің орынбасары отставкаға өтініш берді

11 Ақпан 2021, 22:14
2320
Бөлісу:
Көлгіновтің орынбасары отставкаға өтініш берді
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен отставкаға кету жөнінде өтініш берді.

Алдын ала мәлімет бойынша, бұл қадамға Қалалық Мәдениет басқармасының экс-басшысы Нұрлан Сыдықовтың жемқорлықпен ұсталуы себеп болды. 

Бұл туралы Qazaqstan ұлттық арнасындағы Ашық алаң бағдарламасында айтты.

Еске салсақ, 2021 жылғы 5 қаңтарда Сарыарқа аудандық сотында бопсалау арқылы аса ірі көлемде пара алу дерегі бойынша Нұрлан Сыдықовқа қатысты қылмыстық іс қаралды. Қалалық соттың хабарлауынша, елордадағы мәдениет басқармасының басшысы Нұрлан Сыдықов 5 жылға сотталды.

Енді ол өмір бақи мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Белгілі болғандай, шенеунік былтыр өтпей қалған Наурыз мерекесін ұйымдастыруға қатысқан компаниялардың біріне қамқорлық көрсеткен. Сол үшін 10 млн теңге пара алған көрінеді.


Өзгелердің жаңалығы