Венгрияда «Спутник V» вакцинасы салына бастады

11 Ақпан 2021, 22:55
1662
Бөлісу:
Венгрияда «Спутник V» вакцинасы салына бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейлік вакцина созылмалы ауруы жоқ 60 жастан асқан тұрғындарға салынып жатыр. 

Венгрияда 11 ақпаннан бастап коронавирусқа қарсы ресейлік «Спутник V» вакцинасы салына бастады.

Интерфакс хабарлауынша, аталған препарат 60 жастан асқан, созылмалы ауруларға шалдықпаған азаматтарға салынуда.

Вакцинация ел бойынша 5 орталықта жүргізілуде.

Еске салсақ, Венгрия Еуропада ресейлік вакцинаны тіркеген алғашқы мемлекет. Белгілі болғандай, елге ондаған мың вакцина дозасы жеткізілген.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстанда 13 мыңнан астам адамға коронавирусқа қарсы вакцина салынған.

Өзгелердің жаңалығы