Бізде ұлы тұлғалардың барлығы өткен ғасырда ғана өмір сүргендей көзқарас қалыптасқан

11 Ақпан 2021, 22:27
3155
Бөлісу:
Бізде ұлы тұлғалардың барлығы өткен ғасырда ғана өмір сүргендей көзқарас қалыптасқан
PHOTO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы мұражайында ҚР еңбек сіңірген қайраткері, белгілі кескіндемеші Кәміл Моллашевтің шығармалар каталогының тұсаукесері мен «Кәміл Моллашевтің өнер әлемі» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтті.

Көрмеде суретшінің 1974-2017 жылдар аралығында жарық көрген 30-ға жуық жұмысы ұсынылды. 

Бізде ұлы тұлғалардың барлығы өткен ғасырда ғана өмір сүргендей көзқарас қалыптасқан

Жанр, стиль тұрғысынан сан алуан туындылар суретші шеберлігін айқындап тұрғандай. 

Бізде ұлы тұлғалардың барлығы өткен ғасырда ғана өмір сүргендей көзқарас қалыптасқан

Көрме Елбасы кітапханасының танымал авторлардың шығармашылығын ретроспективті түрде көрсетуге бағытталған «Тәуелсіздіктің мәдени коды»  атты жаңа ғылыми-экспозициялық серіктестік жобасын бастады.

Бізде ұлы тұлғалардың барлығы өткен ғасырда ғана өмір сүргендей көзқарас қалыптасқан

Бізде ұлы тұлғалардың барлығы өткен ғасырда ғана өмір сүргендей көзқарас қалыптасқан

Жоба Кәміл Моллашевтің шығармашылық жұмыстарымен ашылып отыр. Оның есімі қазіргі таңда өнер әлемінің бренді мен аңызына айналды. Суретшіні тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар шет елдерде таниды. Кескіндемешінің картиналары әлемнің барлық ірі мұражайында қойылған. Біз өз жобамызды ұлы тұлғаның шығармаларынан тыс қалдырмауды дұрыс деп шештік. Ол кісінің жеке көрме өткізуге келісім беруі біз үшін бір жағынан қуаныш, әрі мақтаныш болды. Жобаға келетін болсақ, басты мақсат - қазіргі заманғы Қазақстанның жетістіктерін таныту, - деді Елбасы кітапханасының директоры Бақытжан Темірболат.

Бізде ұлы тұлғалардың барлығы өткен ғасырда ғана өмір сүргендей көзқарас қалыптасқан

Бізде ұлы тұлғалардың барлығы өткен ғасырда ғана өмір сүргендей көзқарас қалыптасқан

Оның айтуынша, жоба аясында көптеген талантты суретші мен жазушының жұмыстары көрсетілмек.

Бізде ұлы тұлғалардың барлығы өткен ғасырда ғана өмір сүргендей көзқарас қалыптасқан

Өкінішке қарай, қазір адамдар арасында дарынды суретшілер, жалпы шығармашыл тұлғалардың барлығы өткен ғасырда ғана өмір сүргендей көзқарас қалыптасқан. Бірақ шын мәнісінде олар біздің арамызда жүр. Міне Кәміл Моллашев – ұлы суретшілердің жарқын көрінісі, менің ойымша, бүгін керемет мереке өтті. Көптеген қымбатты қонақ қатысты. Көрменің ең басты кейіпкері - Кәміл Моллашевтің өзі және оның әдемі туындылары. Суретшімен ұзақ уақыт кеңесе отырып, әртүрлі жанрды қамтуға тырыстық. Алға қойған жоспарларымыз туралы айтпаймын, бірақ осы жылдың соңына дейін қала тұрғындары үшін арнайы көрмелер ұйымдастыратын боламыз. Бұл - тек бастамасы. Біз уақыт өте келе басқа да танымал авторлармен бірге жұмысты жалғастырамыз, - деді кітапхана директоры.

Бізде ұлы тұлғалардың барлығы өткен ғасырда ғана өмір сүргендей көзқарас қалыптасқан

Көрмеде ұсынылған еңбектер - керемет туындылардың шағын бөлігі ғана. 

Бақытжан Берікбайұлы социалистік реализм, фантазиялық стильдегі картиналардан бөлек виртуалды әлемді бейнелейтін суреттерде мүлдем басқа жанр, өзгеше тәсіл екенін атап өтті.

Бізде ұлы тұлғалардың барлығы өткен ғасырда ғана өмір сүргендей көзқарас қалыптасқан

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салтанатты портреті стилистика мен колористиканың өзі кескіндеменің барлық канонына сай жоғары деңгейде жасалған. Бұл портретте Елбасының елордамызды 1997 жылы астанаға көшіру қарсаңындағы кезі бейнеленіп тұр. Стильдің сан түрлілігі суретшінің бай әлемі мен шеберлігін, тәжірибеден қорықпайтын батылдығы мен ізденімпаздығын көрсетеді, - дейді ол.
Бізде ұлы тұлғалардың барлығы өткен ғасырда ғана өмір сүргендей көзқарас қалыптасқан

Көрмеде автордың «Шопан», «Жер шарының үстінен», «Ақын Сара» сынды жұмыстары қойылған. 

Бізде ұлы тұлғалардың барлығы өткен ғасырда ғана өмір сүргендей көзқарас қалыптасқан

Автор жұмыстардың салыну тарихына бір шолу жасап өтті. 

Бізде ұлы тұлғалардың барлығы өткен ғасырда ғана өмір сүргендей көзқарас қалыптасқан

Сонымен қатар көрме барысында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен «Астана» халықаралық университетінің қолдауымен басылымға шыққан Кәміл Моллашевтің каталогының тұсауы кесілді.

Бізде ұлы тұлғалардың барлығы өткен ғасырда ғана өмір сүргендей көзқарас қалыптасқан

Бізде ұлы тұлғалардың барлығы өткен ғасырда ғана өмір сүргендей көзқарас қалыптасқан

Бұл кісіден көп нәрсені үйрендік. Бүгін тұсауы кесілген жаңа шығармалар каталогы барлық ЖОО-на тарап, жастар суретші картиналарымен тереңірек танысады деген ойдамын. Бұл жас суретшілерге қалай жұмыс істеу керектігін көрсететін кәсіби нұсқаулық болатыны сөзсіз. Кәміл Моллашевтің шығармашылығы кейінгі жас ұрпаққа үлгі, - деді Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, ҚР Мәдениет қайраткері Төлеуғазы Байғалиев.

Бізде ұлы тұлғалардың барлығы өткен ғасырда ғана өмір сүргендей көзқарас қалыптасқан

Ол бүгін көрмеден бұрын жарық көрген картиналарын да, жаңа еңбектерін де аса қызығушылықпен тамашалағанын айтты. 

Бізде ұлы тұлғалардың барлығы өткен ғасырда ғана өмір сүргендей көзқарас қалыптасқан

Бұл кісі бір орында отыратын адам емес. Күнде бір картинаны салып немесе оны жетілдіріп, дамып отырады. Туындылары әртүрлі сюжетті қамтиды. Өткен тарихымызды ғана емес, замануи сәттерді де ұмытпайды. Сосын бір стильмен шектелмейді. Түрлі салада еңбектенеді және сонысымен бізге қызықты. Оны кескіндеме өнерінен бөлек, мүсінші ретінде де танимыз. Қазір Татарстанда мүсін көрмесі өтіп жатыр. Кәміл Моллашев өзінің жан-жақтылығымен өнер сүйер қауымды баурап алады, - дейді Төлеуғазы Байғалиев.
Бізде ұлы тұлғалардың барлығы өткен ғасырда ғана өмір сүргендей көзқарас қалыптасқан

Раушан Арманқызы
Өзгелердің жаңалығы