8 мың доллар пара алды деген күдікпен Жоғарғы сот судьясы ұсталды

11 Ақпан 2021, 17:01
2164
Бөлісу:
8 мың доллар пара алды деген күдікпен Жоғарғы сот судьясы ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жоғарғы соттың судьясы Мейрам Жанғұттинов пара алды деген күдікпен ұсталған. Бұл туралы Kozachkov offside телеграм каналында журналист Михаил Казачков хабарлады.

Оның айтуынша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі Жоғарғы соттың ішкі қауіпсіздік бөлімімен бірлесе отырып 11 ақпанда Жоғарғы соттың судьясы Мейрам Жанғұттиновті ұстаған.

8 мың АҚШ доллары көлемінде пара алды деген күдік келтіріліп отыр, – делінген хабарламада.

Каналда сонымен қатар Жоғарғы соттың тағы бір қызметкері ұсталуы мүмкін екені жазылған.

Судья Жанғұттинов еңбек жолын 1990 жылы Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл аудандық сотының төрағасы болып бастаған.  2014 жылы дейін Жоғарғы сотқа тағайындалғанша, мансап сатысымен көтеріліп отырды. 2019 жылдан бастап ол Қазақстан Республикасы Жоғарғы сот Кеңесінің мүшесі және Судьяларды конкурстық іріктеу жөніндегі комиссияның мүшесі. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Жоғарғы сот Кеңесі жанындағы Сараптамалық-консультативтік комиссияның мүшесі.

Өзгелердің жаңалығы