Әуе рейсі. Кеше елімізге 300-ге жуық ПТР анықтамасыз жолаушы келген

11 Ақпан 2021, 12:23
1265
Бөлісу:
Әуе рейсі. Кеше елімізге 300-ге жуық ПТР анықтамасыз жолаушы келген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 10 ақпанында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Корея, БАӘ, Мысыр, Түркия, РФ, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 12 халықаралық әуе рейсі келді. Бұл туралы Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады.

1304 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 032 адам, анықтамасыз 272 ҚР азаматтары келді. 

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 5 рейс, 639 жолаушы, анықтамамен - 603, анықтамасыз - 36; 

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 5 рейс, 560 жолаушы, анықтамамен - 324; анықтамасыз - 236;

Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 80 жолаушы анықтамамен келген;

Қарағанды қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 25 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

2021 жылдың 9 ақпанында шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері туралы мәлімет

2021 жылдың 9 ақпанында анықтамасыз келген 224 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша Шарм-эль-Шейх – Алматы рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды.

Өзгелердің жаңалығы