Коронавирус пен пневмониядан 9 адам көз жұмды

11 Ақпан 2021, 09:01
1180
Бөлісу:
Коронавирус пен пневмониядан 9 адам көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 11 ақпандағы ақпаратты жариялады.

11 ақпандағы мәлімет бойынша, 25 272 адам коронавирус инфекциясынан (15 660 КВИ+ және 9 612 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 5 318 пациент стационарда, 19 954 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 260 адамның жағдайы ауыр;
• 48 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 46 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Коронавирус пен пневмониядан 9 адам көз жұмды

Өзгелердің жаңалығы