Бішкекте екі тәулікте үш рет мэр ауысты

11 Ақпан 2021, 03:20
1400
Бөлісу:
Бішкекте екі тәулікте үш рет мэр ауысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алатаудың арғы бетінде ауыс-түйіс тоқтамай тұр. Қырғыз астанасында соңғы 2 күнде 3 рет қала басшысы ауысты, деп хабарлады 24.kz

Таяуда Бішкек мэрі міндетін атқарушы Балбақ Тулобаев отставкаға кететінін жариялады. Себеп: денсаулық жағдайы. Оның орнына Эрмек Нурғазиев келген еді. Бірақ бір тәулікке жетпей ол да кетті. Өйткені Нұрғазиевтің бұрын мүлік дауына қатысы болғаны анықталды. 

Таңертең шаһар басшысы міндетін Шу облысының бұрынғы губернаторы Бақтыбек Құдайбергенов атқаратыны белгілі болды. Енді ол бұл қызметте көктемнің ортасына дейін жұмыс істейді. Сәуірдің он бірінде Бішкек парламентінде сайлау өтіп, кейін депутаттар Бішкектің жаңа мэрін таңдауы керек. 

Бізде тайпалық жүйе қалыптасты деуге болады. Әрқайсысы өз өкілін билікке отырғызуға тырысады. Себебі билікте өз адамың болмай, біздің елде үлкен бизнес жүргізу мүмкін емес, – дейді саясаттанушы Бақыт Бакетаев.



Өзгелердің жаңалығы