COVID-19. Әлемдік ахуал

11 Ақпан 2021, 14:20
1722
Бөлісу:
COVID-19. Әлемдік ахуал

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус індеті басталғалы да бір жылдан асты. Ал бір айдан кейін елімізде карантин режимі басталғанына да бір жыл болады. Қатерлі індеттің әлем бойынша бүгінгі жағдайы қандай екені жарияланды.

Германияда COVID-19 таралу индикаторы тұрақты түрде төмендеуде – соңғы 7 күнде 100 000 тұрғынға шаққанда 64,2 індетті жұқтыру жағдайы тіркелді. Ел билігі эпидемияға қарсы қатаң карантиндік шаралардың жеңілдетілуі бұл көрсеткіштің 50-ге дейін төмендеген кезінде енгізілуі мүмкін екендігін хабарлауда.

Литва билігі карантиндік шектеу шараларын жеңілдетіп, 15 ақпаннан бастап азық-түліктен басқа заттар сатылатын дүкендерді, шаштараздар мен сұлулық салондарының ашылуына рұқсат етті.

Ақпан айының соңында Нью-Йорк стадиондары қайта ашылмақ – індеттің өршуіне байланысты жабылғандарына бір жылдан астам уақыт өткен. Көрермендердің рұқсат етілген жалпы саны стадионның сыйымдылығының 10 пайызын құрайды.

Мексикада коронавирусқа қарсы Қытайдың екі вакцинасы - CanSino Biologics және CoronaVac тіркеуден өтті. Бұрын BioNTech/Pfizer, AstraZeneca және ресейлік "Спутник V" вакциналары тіркелген болатын.

Ұлыбритания Премьер-министрі Борис Джонсон елдің 15 миллионнан астам тұрғыны коронавирусқа қарсы вакцинацияның алғашқы дозасын алғанын мәлімдеді. 520 мыңға жуық адам вакцинацияның екінші бөлігін қабылдаған.

Өзгелердің жаңалығы