Былтыр Қазақстан шамамен 20 млн долларға гуманитарлық көмек алды

11 Ақпан 2021, 12:36
1328
Бөлісу:
Былтыр Қазақстан шамамен 20 млн долларға гуманитарлық көмек алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылы дағдарыс кезінде Қазақстан 19 миллион долларға гуманитарлық көмек алды, оның жартысынан көбін Қытай қамтамасыз етті. Ал Қазақстанның өзі 3 миллион доллардан астам сомаға гуманитарлық көмек көрсетті. 

finprom.kz-тің мәліметінше, 2020 жылы Қазақстан әлемнің түрлі елдеріне 3,1 млн АҚШ долларына гуманитарлық көмек көрсетті. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 2,4 есеге көп.

Бұл ретте ҚР алған гуманитарлық көмек көлемі 19,1 млн АҚШ долларын құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан екі есе көп.

Былтыр Қазақстан шамамен 20 млн долларға гуманитарлық көмек алды

2020 жылы ақшалай түрде алынған гуманитарлық көмектің үштен бірінен көп бөлігі, яғни 6,5 миллион АҚШ доллары машиналар мен жабдықтарға кетті. Жалпы көлемнің 31%-ы, яғни 5,9 млн АҚШ доллары киім мен аяқ киімді құрады.

Былтыр Қазақстан шамамен 20 млн долларға гуманитарлық көмек алды

Сонымен бірге, дәрі-дәрмек түріндегі гуманитарлық көмектің көлемі 2,7 есеге, 1,7 миллион АҚШ долларына дейін азайды.

Елдер бөлінісінде 2020 жылы гуманитарлық көмектің ең үлкен көлемін - шамамен 10 млн АҚШ долларын Қазақстанға Қытай жіберді. Бұл барлық көлемнің жартысынан астамын құрады. Сонымен қатар, пандемияға дейін, 2019 жылы Қазақстан Қытайдан гуманитарлық көмек алған жоқ.

Былтыр Қазақстан шамамен 20 млн долларға гуманитарлық көмек алды

Германия 2019 жылы Қазақстанға көрсетілген гуманитарлық көмек бойынша көшбасшы болды. 2020 жылы Германия да ҚР-ны қолдады: керек-жарақтар құны 2,2 миллион АҚШ долларын құрады, бұл 2019 жылға қарағанда 3,7 есе аз.

Келесі Үндістан мен Катар - 1,7 миллион АҚШ доллары. Үндістаннан жеткізілген көмек бір жыл ішінде 6,2 есе өсті. Катар 2019 жылы Қазақстанға гуманитарлық көмек көрсеткен жоқ.

Өзгелердің жаңалығы