Бірінші вакцинаны алған соң күтінген жөн, өйткені вирус жұқтыру қаупі бар - дәрігер

11 Ақпан 2021, 15:03
1669
Бөлісу:
Бірінші вакцинаны алған соң күтінген жөн, өйткені вирус жұқтыру қаупі бар - дәрігер

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы №20 емхананың бас дәрігерінің орынбасары Маржан Әлиева онлайн брифинг барысында «Спутник V» вакцинасының адамды қаншалықты қорғай алатынына қатысты жауап берді. 

Оның айтуынша, коронавирусқа қарсы күресте вакцина салдыру ең тиімді тәсіл екенін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Осыған байланысты Қазақстан үкіметі жаппай вакцина салдыруды кезең-кезеңімен жүргізіп келеді. 

Сонымен қатар ол вакцина алған адам коронавиурспен ауыруы мүмкін бе деген сауалға жауап берді.

Бұл тұрғыда қазір зерттеулер жүргізіліп жатыр. «Спутник  V» вакцинасында иммунитет 2 жылға жуық сақталуы мүмкін деп айтылды. Бұл вакцина екі кезең бойынша салынады, адам алғаш екпені алған кезде көпшілік жерге шықпағаны жөн, бұл аралықты иммунитет қалыптасады. Яғни бұл кезде коронавируспен ауырып қалу қаупі бар,-деді ол.  

Сонымен қатар ол емхананың колл-орталығына «вакцинаны салдыра аламыз ба?»  деген сұрақ бойынша халықтан көп сауал түсіп жатқанын айтты.

Вакцина салу бойынша тұрғындар хабарласып, қызғушылық білдіріп жатыр. Сондай-ақ қоғамда вакцинаға қатысты үрей де бар. Әлеуметтік желілерде бұл адамды шиптеу немесе оның кері әсері бар деген сияқты қауесет тарап жатыр. Бірақ ересектер бұл вакцинаның қауіпті індетті жеңуге көмектесетінін түсінеді және олар қолдайды деп ойлаймын,-деді Әлиева.

Өзгелердің жаңалығы