Все новости за 27 шілде 2023
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Ақтөбеде кәсіпкерлік бастамаларды дамыту үшін 350-ден астам грант берілді
2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде бизнес бастамаларды іске асыру үшін халықтың әлеуметтік осал топтарына гранттар беру көзделген, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ұлытау облысында құрғақ шөп өртенді
26 шілде күндіз Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының Шалғия кентінен батысқа қарай 20 км жерде құрғақ шөп өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ақмола облысында көші-қон заңнамасын бұзған екі шетелдік елден шығарылды
Ақмола облысында көші-қон заңнамасын бұзған екі шетелдік елден шығарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
-
3,9 млрд теңгенің заңсыз мемлекеттік сатып алуы жойылды
Астана қаласы Есіл ауданының прокуратурасы талдау барысында мемлекеттік сатып алу туралы заңнама талаптарының бұзушылықтарын анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Полицейлер ұрланған қарудың ірі партиясын анықтады
Жамбылдық полицейлер ПД ғимаратынан ұрланған қарудың жасырылған үш ірі орнын анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қазақстан мен Италия бірлескен кәсіпорындар құруды жоспарлап отыр
Биылғы жылдың 5 айының қорытындысы бойынша Қазақстан мен Италия арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің тауар айналымы 130 млн долларды құрады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жазда елімізге келген шетелдіктер саны үш есе артты
Алыс шетелден келген туристердің үлесі артып отыр.
-
5 жылда 700-ден аса шымкенттік тұрғын үй сертификатын алды
Шымкент қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттары 2019 жылдан бастап беріле бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Колледждерге құжат қабылдау жалғасып жатыр
Оқу-ағарту министрлігінің техникалық және кәсіптік білім департаментінің дерегі бойынша, колледждерге құжаттарды қабылдау 2023 жылдың 20 тамызына дейін жалғасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
«Оператор РОП» экс-құрылтайшысы экстрадицияланды
Ол 920 млн теңгені жымқырды деп күдікке ілінді, деп хабарлайды BAQ.KZ Антикордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Алтайда апатқа ұшыраған тікұшақтың қайда бара жатқаны анықталды
Алтайда апатқа ұшыраған туристер Белуха тауына экскурсия жасап қайтып ұшып келе жатқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада суға батып бара жатқан спортшы құтқарылды
Ұлттық Ұлан сарбазы суға батып бара жатқан спортшыны құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
«Ақтөбе» футбол клубының төрағасы ауысты
«Ақтөбе» облыстық футбол клубы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып Азамат Бекет тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Жетісулық шаруалар астық жинауға кірісті
Жетісу облысындағы егін ору жұмыстары Ақсу, Алакөл, Ескелді, Қаратал, Кербұлақ, Көксу, Сарқан аудандары мен Талдықорған қаласында жүріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Әскерге баратын 2600-ден астам азаматтың несиесі шегеріледі
Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев әскерге шақырылған 2600-ден астам азаматтың несиесін төлеу кейінге шегерілетінін мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Бәрінен ынтымақ қымбат – Наталья Мишукова
Өзге ұлт өкілінің ынтымағы мен бірлігі – Қазақстанның жарқын болашағының ажырамас ұстанымы. Олардың елдік мұраты, тілге деген құрметі қазақтан кем түспей, мемлекеттің дамуына еселі еңбек етуде. «Қазақстандағы орыс қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің Қызылорда филиалының төрағасы Наталья Мишукова да ұлттар достығын насихаттауға үлес қосуда көш бастап келеді. Жуырда BAQ.KZ-тің Қызылорда облысындағы тілшісі филиал төрағасымен сұхбаттасып, қоғам белсендісінің түрлі бағыттағы ой-пікірін тыңдады.
-
Соғыс жағдайында интернет мәселесі қалай шешілмек
Еліміздің қорғанысы соғыс жағдайында әскерлерді интернет байланысымен қалай қамтамасыз етеді? Осы сауалға Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
1000-ға жуық мигранттың мәйіті табылды
Жыл басынан бері Тунис жағалауынан 901 заңсыз мигранттың мәйіті табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Анадолы сайтына сілтеме жасап.
-
Астаналықтар биыл қанша теңгенің тегін дәрі-дәрмектерімен қамтылды
Биылғы жылдың 6 айындағы жағдай бойынша Астана қаласында 156 500 пациент 508 262 тегін рецепт бойынша 8 млрд 042 млн теңге сомасына тегін дәрі-дәрмекпен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілді, деп хабарлайды BAQ.KZ "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ елорда филиалына сілтеме жасап.
-
Әйелдер сұлу болу үшін қанша ақша жұмсайды
Қазақстанның сұлулық индустриясы өткен жылы 89,9 млрд теңгеге қызмет көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Филиппиндегі «Доксури» тайфунынан 5 адам қаза тапты
Филиппиндегі «Доксури» тайфуны тудырған нөсер жаңбыр мен су тасқыны және көшкін салдарынан 5 адам ажал құшты, деп хабарлайды BAQ.KZ Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
-
Әскерге бармағандарға цифрлық билет беріледі
Әскерге бармаған азаматтарға әскери билет енді цифрлық нұсқада ұсынылады.
-
Жауыннан кейін Алматыны су баспайтын болды
Жауын-шашын кезінде Алатау ауданында 18 су басу учаскесі анықталды. Бүгінгі таңда ТЖ желісі бойынша оның 10-ы жойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
БҚО-да су тасқынынан зардап шеккен отбасылар үйлі болды
БҚО Бөрлі ауданында көктемгі су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға жаңа үй берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Шымкентте медбике есірткі қойып жүрген жерінен ұсталды
Бойжеткен жақында ғана медицина саласындағы қызметінен кеткендігі белгілі болды.
-
Астанадағы өрт. Зардап шеккендер туралы ақпарат шықты
Астаналық өрт сөндірушілер елорданың оң жағалауындағы өртті сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жер телімдерін әкімдіктер келісе отырып бөледі
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Инвестициялық штабтың отырысын өткізді.
-
Риддердегі жалғыз қазақ мектебінің тағдыры белгілі болды
Оқу-ағарту министрі Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы «Шаңырақ» мектеп-гимназиясының апатты жағдайына қатысты жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жастарға репродуктивті саулық жобасы таныстырылды
Елордада «Жастар денсаулығын сақтау» республикалық қозғалысы» атты әлеуметтік жоба таныстырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Универсиада Қазақстан құрамасының алғашқы делегациясын қабылдады
Қытайда өтетін Чэнду Универсиадасы Қазақстан құрамасының алғашқы қатысушыларын қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Астанадағы өртке қатысты жаңа деректер пайда болды
Астананың оң жағалауындағы екі қабатты тұрғын үй және тез тұтанғыш сұйықтықтары бар екі авто цистерна өртеніп жатқаны анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматы дамуы: экономика, инвестиция және кәсіпкерлік
Алматы еліміздің кәсіпкерлік орталығы әрі экономикалық драйвері екені мәлім. Мәселен биылғы жарты жылдың өзінде қалада әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің өсу қарқыны өте жоғары. Осы орайда BAQ.KZ тілшісі шаһардың инвестиция, кәсіпкерлік және басқа да қаржы-экономикалық салаларына тоқталуды жөн көрді.
-
Астананың оң жағалауынан өрт шықты
Астананың оң жағалауында көшедегі дөңгелек сататын дүкен өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Астанада автобус жүргізушісі көлік тізгінінде көз жұмды
Бүгін Бөгенбай батыр даңғылы бойындағы Бейбітшілік аялдамасында жол апаты болып, автобус жүргізушісі көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Қазақстандықтардың 43% өз саласынан кетуге дайын
HeadHunter сайтына жүргізілген зерттеудің нәтижесі қазақстандықтардың жартысына жуығы басқа салада еңбек еткісі келетіні анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Алматы тауларында тағы сел жүру қаупі туындады
Қалалық ТЖД алматылықтарға шұғыл хабарлама жасады. Себебі Алматы тауларында сел қаупі жоғары деп жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Үмітті ешқашан жоғалтпау керек: Киноновелла көрерменге жол тартпақ
Бұл – Qazcontent пен Музыкалық жас көрермен театрының бірлескен алғашқы жұмысы, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Жерге ұқсас планета табылды
Ғарыштық телескоп жерге ұқсас планетаны анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Unilad сайтына сілтеме жасап.
-
Кешенді тестілеуге жас жұбайлар келді
Кешенді тестілеуді тапсыру күні неке күнімен тұспа тұс келіп түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Тұран даңғылының учаскесінде қозғалыс уақытша жабылады
Астананың ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша республикалық Бас мешіт ауданындағы тұрғын үйлерді орталық жылытумен қамтамасыз ету мақсатында қаланың отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы НС-14-тен ТМ-47-ге дейінгі магистральдық жылу трассасын салу жобасы аясында жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап,
-
Бір аунап тұрған шығар. Талант иесі қарғаларға ән арнап, желіні шулатты
Желіде Дала әншісі қарғаларға ән арнады. Ән Қазнет желісінде көпшілікті таңғалдырып қана қоймай, кейбір қолданушылардың сүйікті әніне айналып үлгерді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Сенаторлар Жетісу облысында болды
Парламент Сенатының депутаттары Нұртөре Жүсіп, Ғалиасқар Сарыбаев, Амангелді Толамисов, Геннадий Шиповских, Сұлтан Дүйсембинов және Закиржан Кузиев өңірге сапар барысында Жетісу облысының әкімімен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қытайда өтетін Универсиадаға Қазақстан атынан 93 студент қатысады
FISU-дің 31-ші Дүниежүзілік студенттік ойындары Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясының Чэнду қаласында 28 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Шымкентте миксер 8 көлікке соқтығысып, екі адам ауруханаға түсті
Шымкент қаласында 26 шілде сағат 10:15 шамасында Самал базарына қарай бағыт алған Howo миксер жүк көлігі жол апатына түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыда сот шешімімен бизнес орталық сүріліп жатыр
Бірнеше жылдық сот процесінен кейін нысанды мәжбүрлеп бұзу басталды.
-
Адам саудасы құрбанының 70%-ы - әйелдер
Дүниежүзінде жыл сайын 25 млн адам адам саудасының құрбаны болады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Тоқаев шетелге заңсыз қаражат шығару фактілерінің жолын кесуді тапсырды
Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Құрғақшылықтан зардап шеккен диқандар несиені өтеу мерзімін ұзарта алады
26 шілдеде Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Үкіметте өткен жедел кеңесте Қазақстанның жекелеген өңірлеріндегі қалыптан тыс ыстық пен жауын-шашынның аздығына байланысты орнаған ахуалдың ауқымы мен мемлекеттік қолдаудың ықтимал шаралары талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астанада талапкерлерге оқу ақысын төлеу түрінде көмек көрсетіледі
Елордалық түлектерге оқу ақысын төлеу түрінде көмек көрсету жалғасып жатыр.
-
Адам саудасы - әлемдегі басты проблемалардың бірі
Елордада Адам саудасына қарсы күресте ұлттық және халықаралық серіктестіктерді нығайту тақырыбында халықаралық конференция өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
-
Пәтер жалдау бағасы бір айда 4,2%-ға қымбаттады
Қазақстанда жалға берілетін тұрғын үйлер қайтадан қымбаттай бастады. 27 маусым мен 26 шілде аралығында орташа тариф құны 4,2%-ға өскен, деп хабарлайды BAQ.KZ Krisha.kz-ке сілтеме жасап.
-
Ел бойынша 100 ауыл медициналық мекемелермен толығады
Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша айдарды жалғастыра отырып, Қызылорда облысы "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасының қатысушысы болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
200 теңгелік банкноталардың қабылданбай жатқаны рас па?
Номиналы 200 теңгелік банкноталардың қабылданбай жатқаны туралы өтініштерге байланысты Қазақстан Ұлттық банкі олардың заңды төлем құралы саналатынын еске салады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
1,6 млрд теңге жымқырған. Қостанай облысында ет сатқандар ұсталды
Қылмыстық топтың 5 белсенді мүшесі қамауға алынды
-
ТМД елдерін есірткімен қамтыған үлкен зертхана жойылды - ҰҚК
ҚР ҰҚК баспасөз қызметі тағы бір есірткі зертханасының жойылғанын мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қаза тапқан полицейлердің балалары конкурстан тыс курсант атанды
14 “Алтын белгі” иегері және ІІО-ның қаза тапқан қызметкерлерінің балалары конкурстан тыс ІІМ жоғары оқу орындарының курсанты атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
-
Ұлттық банк 27 шілдеге арналған валюта бағамын жариялады
Ұлттық банк 27 шілдеге арналған валюта бағамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Алматыда Пәкістан азаматтары кәмелет жасына толмаған қыздарға күш көрсеткен
Тәртіп сақшылары өзге ел азаматтарын бірнеше сағаттан соң босатып жіберген
-
«Қайрақ» өткізу пунктінің жұмысы қайта жанданды
Бір аптадан бері Ресейдің «Бугристое» автокөліктік өткізу пунктінде жол жөндеу жұмысы жүргізілгендіктен мемлекеттік шекараны кесіп өтудің өзге жолдары ұсынылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ақтөбеде цехта болған өрт сөндірілді
Ақтөбелік өрт сөндірушілер өндіріс цехындағы өртті сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Руслан Курбанов елімізге тарихи жүлдені тарту етті
Бүгін Италияның Милан қаласында өтіп жатқан семсерлесуден әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қызылорда облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен актив отырысында облыс әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Бесқарағайда 400 гектарға жуық аумақты шарпыған өрт сөндірілді
Абай облысының Бесқарағай ауданындағы орман өрті сөндірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ Абай облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
Риддердің жылу жүйесін жөндеуге 8 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді
Үкімет өңірлердегі жылумен жабдықтау жүйелерін алдағы жылыту маусымына дайындау және жөндеу жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Семейдегі жылу желілерінің 68% тозған
Үкімет өңірлердегі жылумен жабдықтау жүйелерін алдағы жылыту маусымына дайындау және жөндеу жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкімет үйінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
-
27 шілдеде Қазақстанда күн райы қандай болады
Қазақстандық синоптиктер 2023 жылғы 27 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Мадридте Абай мұрасы талқыланды
Іс-шараны Қазақстанның Испаниядағы Елшілігі мен «Азия үйінің» («Casa Asia», Испания Сыртқы істер министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымы) ұйымдастырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Ұялы телефон арқылы төлем жасауға тыйым салынды
Қазақстанда сатып алынған тауар ақысын мобильді аударымдар арқылы қабылдауға тыйым салынды. Тиісті бұйрыққа қаржы министрі қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Геннадий Головкин Қазақстанға оралған суретін жариялады
Бокстан орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин әлеуметтік желідегі парақшасында Қазақстанға оралғаннан кейінгі алғашқы суретін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Астаналық әйелдің неліктен көпірден секірмек болғаны белгілі болды
Астанада егде жастағы әйел жаяу адамдар жүретін көпірден секірмек болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Анталияда қазақстандық суретшінің көркем көрмесі өтті
Қазақстан Республикасының Анталиядағы Бас консулдығының қолдауымен Түркия Республикасының 100 жылдығына орай Қазақстандағы танымал суретші Серік Ермековтың «Заман керуені» атты сурет көрмесінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Екібастұздағы жарылысқа байланысты жұмыс тобы құрылды
Екібастұз қаласындағы газ құю станциясында болған өрт пен ондағы адам өліміне байланысты жұмыс тобы құрылды, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.
-
700-ден аса әскери қызметшісі медициналық тексеруден өтті
Әскери дәрігерлер шалғайдағы гарнизонның 700-ден аса әскери қызметшісін медициналық тексеруден өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
-
Қостанай облысының полицейлері 58 келіден астам марихуананы тәркіледі
"Қарасора 2023" жедел алдын-алу шарасы шеңберінде Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері аймақ аумағында есірткі таратумен айналысқан 11 адамды ұстау бойынша операция жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Наверх