Алтайда апатқа ұшыраған тікұшақтың қайда бара жатқаны анықталды

27 Шілде 2023, 19:51
794
Бөлісу:
Алтайда апатқа ұшыраған тікұшақтың қайда бара жатқаны анықталды
VIDEO
Фото: видеодан скриншот

Алтайда апатқа ұшыраған туристер Белуха тауына экскурсия жасап қайтып ұшып келе жатқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.

RT телеарнасы Алтайдағы тікұшақтың құлаған сәті бейнеленген видеоны жариялады. Телеарнаның Telegram-каналындағы видеодан тікұшақтың жерге түсіп, жанғанын көруге болады.

Әуе кемесінің бортында 16 адам болған: үшеуі экипаж мүшесі және 13 турист. Төртеуінің ажал құшқаны анықталды.

Мәскеу уақытымен сағат 12:35-те тікұшақтан шыққан өрт ауыздықталған.

РИА Новостидің мәлім еткендей, Ресей туриндустрия қауымдастығы туризм комитетінің басшысы Вадим Мамонтовтың айтуынша, қаза тапқан туристер Белуха тауына экскурсия жасап қайтып ұшып келе жатқан.

Алтайдың Усть-Коксинск ауданындағы Тюнгурға туристер әдетте Белуха тауын тамашалау үшін барады. Бұл жерге Таулы Алтайдан көлік арқылы жетуге болады. Дегенмен жол алты сағаттай уақытты алады. Ал тікұшақпен бір жарым сағатта жетуге болады. Сол себепті көптеген турист тікұшақты таңдайды, - деді ол.

Көптеген саяхатшы тау шатқалында жатқан Тюнгурдан тікұшақ арқылы Белухаға ұшып барады. Бұл жолы да туристер осы аймақтан қайтып келе жатқан көрінеді.

Өзгелердің жаңалығы