Әскерге бармаған азаматтарға әскери билет енді цифрлық нұсқада ұсынылады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы ҚР Қарулы Күштері Бас штабы ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы генерал-майор Бауыржан Артықов мәлімдеді.
Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиевтің түсіндіруінше, әскери билеттің цифрлық нұсқада ұсынылуы бюджет қаражатын үнемдейді және жемқорлықты төмендетуге септігін тигізеді.
Цифрландырудың бәрі келешекте азаматтарымыздың жұмысын жеңілдету үшін, одан бөлек әскерге баратын үміткерлердің апталап, айлап жүрмей бірер сағат жетпей, әскерге баратынын немесе бармайтынын білу үшін жасалып жатыр. Сондықтан бұл жұмыстың бәрі халықтың да, жергілікті әскери орындардың да жұмысын жеңілдетеді, - деді Бауыржан Артықов орталық коммуникациядар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.