Астанада автобус жүргізушісі көлік тізгінінде көз жұмды

27 Шілде 2023, 15:08
1109
Бөлісу:
Астанада автобус жүргізушісі көлік тізгінінде көз жұмды
VIDEO
Фото: Нұркен Алишев - архив

Бүгін Бөгенбай батыр даңғылы бойындағы Бейбітшілік аялдамасында жол апаты болып, автобус жүргізушісі көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

City Transportation Systems ЖШС хабарлауынша, оқиға сағат 10:20 шамасында болған. Нөмірі 2 бағыттағы қоғамдық көлікті тізгіндеген 1961 жылғы азамат жол бойында есін жоғалтып, салдарынан автобус қоршау мен бағдаршам бағанасына соғылды. Көлік жаяу жүргіншілер жолағына шығып барып тоқтаған. 

Ауруханаға жеткізілген көлік жүргізушісі есін жимастан жан тапсырған. Өлімнің негізгі себебі жүрегінің тоқтауы болу мүмкін. 

Марқұмның жолаушылар көлігін тізгіндегеніне 15 жылдан астам уақыт болыпты. Бүгін демалыстан кейін екінші жұмыс күніне шыққан. Сағат 05:54-те медициналық тексерудің өткен оған көлік тізгіндеуге рұқсат етілген. 

Айта кеткен жөн, жүргізушіден өзге жолаушылар дін аман.

Назерке Өтеген

Өзгелердің жаңалығы