Астанадағы өртке қатысты жаңа деректер пайда болды

27 Шілде 2023, 15:30
2022
Бөлісу:
Астанадағы өртке қатысты жаңа деректер пайда болды
Фото: видеодан скриншот

Астананың оң жағалауындағы екі қабатты тұрғын үй және тез тұтанғыш сұйықтықтары бар екі авто цистерна өртеніп жатқаны анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұған дейін Ер Қосай көшесінде болған өрттен көшедегі дөңгелек сататын дүкен өртеніп жатқаны жайлы жазған едік. 

Астана уақытымен сағат 14:11-де елордалық өрт сөндіру бөлімшелері Ер қосай көшесі мекенжайында өрт туралы кезекті хабарлама түскен. Өрттің неден шыққанын анықтау үшін Астана қаласы ТДЖ баспаөз қызметіне хабарластық.

Өрт сөндірушілердің келіп жетуі бойынша алдын ала аумақта екі қабатты тұрғын үй және тез тұтанғыш сұйықтықтары бар екі авто цистерна өртеніп жатқаны анықталды. Өрт сөндірушілердің күшімен өрт сағат 14.45-те оқшауланды. Өртті сөндіру жұмыстарына оқиға орнында Астана қаласы ТЖД жеке құрамының 74 адамы және 14 бірлік техникасы жұмылдырылды, - деді Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы