«Оператор РОП» экс-құрылтайшысы экстрадицияланды

27 Шілде 2023, 20:00
749
Бөлісу:
«Оператор РОП» экс-құрылтайшысы экстрадицияланды

Ол 920 млн теңгені жымқырды деп күдікке ілінді, деп хабарлайды BAQ.KZ Антикордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Бас прокуратурасы мен Интерполдың көмегімен Біріккен Араб Әмірліктерінен Қазақстанға халықаралық іздеуде жүрген «Оператор РОП» ЖШС-ның бұрынғы құрылтайшысы Ш. Мұқтарованы экстрадициялады. 

Ол «Оператор РОП» ЖШС бас директоры С. Коротенкомен бірге 920 млн теңге жымқырды деп күдіктелуде. Ағымдағы жылдың 27 шілдесінде сағат 19:01-де Мұқтарова Астана қаласының әуежайының аумағында ұсталып, тергеу изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі, - делінген ведомство хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы