Астаналықтар биыл қанша теңгенің тегін дәрі-дәрмектерімен қамтылды

27 Шілде 2023, 18:08
574
Бөлісу:
Астаналықтар биыл қанша теңгенің тегін дәрі-дәрмектерімен қамтылды

Биылғы жылдың 6 айындағы жағдай бойынша Астана қаласында 156 500 пациент 508 262 тегін рецепт бойынша 8 млрд 042 млн теңге сомасына тегін дәрі-дәрмекпен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілді, деп хабарлайды BAQ.KZ "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ елорда филиалына сілтеме жасап.

Амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-75 «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілуге, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар азаматтардың жекелеген санаттарын, амбулаториялық деңгейде тегін және (немесе) жеңілдікпен берілетін дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

2023 жылдың 30 маусымындағы жағдай бойынша Астана қаласында 156 500 пациент 508 262 тегін рецепт бойынша 8 млрд 042 млн теңге сомасына тегін дәрі-дәрмекпен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілді.

Оның ішінде: тегін медициналық кепілдендірілген көмек көлемінде (ТМККК) 7,5 млрд теңге сомасына 476 623 тегін рецепт бойынша 144 563 пациент, МӘМС есебінен 406,6 млн теңге сомасына 22 768 тегін рецепт бойынша 14 412 ересек пациенттер және 113,4 млн теңгеге 6 484 бала 8871 тегін рецепт бойынша дәрі-дәрмек алды.

Олардың ішінде МӘМС жүйесінде дәрі-дәрмекпен қамтылған балалар: Жіті респираторлық инфекциямен – жоғарғы тыныс жолдарының аурулары бойынша – 1073 бала және төменгі тыныс жолдарының аурулары бойынша – 2681 бала; Теміржетіспеушілігі анемиясымен - 372 бала; Рахит ауруымен 171 бала; Пневмониямен 449 бала; Синуситпен/ бадамша безі (миндалин) және аденоид ауруларымен 118 бала, т.б.

Біздің сарапшылар медициналық қызметтің қолжетімді болуы және оның сапасының жақсаруы үшін, яғни пациент құқығы сақталуы үшін тұрақты жұмыс жүргізеді, – деп атап өтті «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ елорда филиалының директоры Ербол Бекмұхамбетов.

Амбулаториялық қамтамасыз ету бұйрығына сәйкес, емхана дәріханаларында барлық қажетті препараттар мен дәрілік заттар бар.

Медициналық сақтандыру қоры пациенттер құқығын қорғайды.

Өзгелердің жаңалығы