Ақмола облысында көші-қон заңнамасын бұзған екі шетелдік елден шығарылды

27 Шілде 2023, 22:43
1389
Бөлісу:
Ақмола облысында көші-қон заңнамасын бұзған екі шетелдік елден шығарылды
Фото: polisia.kz

Ақмола облысында көші-қон заңнамасын бұзған екі шетелдік елден шығарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

24 шілде күні учаскелік полиция инспекторы капитан М.Тайжанов облыс аумағында өткізіліп жатқан “Учаске” ЖПІШ аула аралау барысында Целиноград ауданы Талапкер ауылының қызмет көрсетілетін учаскесінде екі шетел азаматын тоқтатқан. 

Кейінірек лардың 18 шілде күні Қазақстанға келген Тәжікстан Республикасының азаматтары екендігі белгілі болды. Құжаттарды тексеру кезінде олардың тарапынан көші-қон заңнамасын бұзушылықтар болмаған және бұл шетелдіктердің жеке мақсатпен келуі сияқты көрінген. 

Алайда, ауыл тұрғындарының сауалнамасы барысында бұл азаматтардың жергілікті тұрғындардан қайыр сұрап жүргені анықталды. Осылайша, шетелдіктер қайыр сұрап жүргендері әшкере болды. 

Құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабының 3-бөлімінде (Қоғамдық орындарда тиісу) көзделген әкімшілік ықпал ету шаралары қабылданды. 26 шілде күні Целиноград ауданының соты шетелдік азаматтарды елден шығару түрінде шара таңдалды.

Өзгелердің жаңалығы