Филиппиндегі «Доксури» тайфунынан 5 адам қаза тапты

27 Шілде 2023, 17:39
870
Бөлісу:
Филиппиндегі «Доксури» тайфунынан 5 адам қаза тапты

Филиппиндегі «Доксури» тайфуны тудырған нөсер жаңбыр мен су тасқыны және көшкін салдарынан 5 адам ажал құшты, деп хабарлайды BAQ.KZ Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Қаза болғандардың біреуі Ризал, қалғаны Бенгует провинциясының тұрғындары. 

Төтенше жағдайлар қаупін азайту және басқару жөніндегі ұлттық кеңестің ресми өкілі Эдгар Посадас жергілікті радиоға берген сұхбатында қаза болғандар санын растады. 

БАҚ пен полиция қызметкерлерінің хабарлауынша, Филиппиннің кей ауданында табиғаттың дүлей күші салдарынан ажал құшқандар саны артып жатыр. 

Доксури дауылы қазірдің өзінде Оңтүстік-Шығыс Азия елінің 328 000 адамына залал келтіріп үлгерді. Бүгінде 300-ден астам тұрғын уақытша баспананы паналауда. 

Айта кеткен жөн, бұл елді биылдыққа әуреге салған бесінші тайфун.

Аударған: Назерке Өтеген

Өзгелердің жаңалығы